{metadescription}
Енді мектептерде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады
Енді мектептерде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

Енді мектептерде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

Бұдан былай оқушыларға соңғы қоңырау 25 мамырда емес, 1 маусымда соғылады. Осылайша оқу жылының соңғы салтанаты Халықаралық балаларды қорғау күнінде өткізілетін болып бекітілді. Бұдан балалардың демалысы кеміп қалмайды екен.

«Каникул бұрынғыдай сақталады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, ал демалыс кезеңі азаймайды» - дейді оқу-ағарту министрлігіне қарасты орта білім комитетінің басшысы.

Гүлмира Кәрімова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрайымы:

- Барлық мектептерде оқу жылының ұзақтығы  36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады. 31 мамыр оқу күні. Бұл күні еліміздің мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сыныптан тыс сабақтар өткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде