Биыл Алматының Ақсай шатқалында бөгет құрылысы аяқталады
Алматының Ақсай шатқалындағы бөгет құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады. Сел қаупін азайту үшін қолға алынған бұл жобаға бюджеттен биыл 7 млрд теңге қарастырылған. «Қазселденқорғау» мекемесі мен Алматы төтенше жағдай департаменті бүгін құрылыс қарқынымен таныстырды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
20.01.2023
Қайрат Бекенов, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы:
- Үлкен құрылыс инфрақұрылым салып жатырмыз. Бұның үстінде таулы жерде 16 көл бар. Соның ішінде аса қауіпті 6 көл. Сондықтан осындай қомақты инфақұрылым салған кезде бұның 7 миллионы суды жинайтын үлкен қоймаға. Бұл аса қажет құрылыс. Себебі, осы дамбының астында 30 мыңға жуық халық тұрады, сонымен қоса демалыс күндері бес мың халық келіп тұрады.
Бөгет биіктігі 75 метр. Оның үлкен көлемде су жинайтындай есептеліп салынуы маңызды. Өйткені көктемде таудан еріген қар арнасынан тасыса, бөгет болады. Сол арқылы төмендегі үйлерді су басу қаупінен сақтайды. «Қазселденқорғау» мекемесі құрылыс желтоқсанға дейін аяқталады деп сендіріп отыр.
Үлкен Алматы өзенінің бассейні сел қаупінің бірінші санатына жатады. Төтенше жағдайлар департаменті көлдегі ахуалды бақылау үшін арнайы станциялар қойылғанын, сол арқылы онлайн бақылайтынын айтады.
Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы:
- Бүкіл жаз бойы бақыланады. Ол жерде әр көлдің 10 параметрі бақылауда ұсталынады. Егер бір параметрдің несі жоғарыланатын болса, сол кезде автоматты түрде осы жүйе арқылы қараймыз. Алматы қаласында былтыр 102 су қаупі бар учаскелер есепке алынған. Былтыр 72-і толығымен жойылды. Биыл 46-ына жыл аяғына дейін жұмыс жүргізілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!