Щучье қаласында жер үйде газ баллоны жарылды
Ақмола облысының Щучье қаласында газ баллоны жарылды. Жер үйде болған апаттан баспананың төрт қабырғасы қақырап, шаңырағы ортасына түскен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
20.01.2023
Оқыс оқиға кезінде үйде үш адам болған. Туыстарының айтуынша түнгі сағат бір шамасында 29 жастағы үй иесі даладан кішкентай газ балонын кіргізген. Оны таңертең балық аулауға өзімен ала кетпекші болыпты. Алайда пешке жақын қойылған газ баллоны жарылып кеткен. Оның қатты болғаны сонша, жер үйдің
тас-талқаны шыққан. Денесінің 35 пайызы күйіп қалған әйелі әзер дегенде үйінді астынан баласын аман-есен алып шығыпты. Ал ер адам ес-түзсіз 70 пайыз күйікпен ауруханаға жеткізілген. Қазір оңбай күйген ерлі-зайыптылар жансақтау бөлімінде жатыр.
Қанат Бабаев, Бурабай ауданы ТЖБ бастығы:
- Құтқарушылар келгенде пеш тұрған жақ жанып жатты. Үйдің еден тақтайлары мен дүние-мүлкі отқа оранған екен. Екі адамның денесін күйік шалды. Ал неден үйдің құлап қалғаны әзірге белгісіз. Жарылыс болды ма, жоқ па, оны сараптама анықтайтын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!