2022 жылы қазақстандықтар не үшін, қанша айыппұл төлеген
80 миллиард 309 миллион теңге. Өткен 2022 жылы қазақстандықтарға осыншама көлемде айыппұл салыныпты. Ел қазынасына шамамен 61 миллиард теңгеден астам қаражат түскен.
Автор: Елдос Есенбол
20.01.2023
Атап айтқанда, алкогольдік ішімдік ішкені үшін немесе қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін ел азаматтары жалпы құны 2 миллиард теңгеден астам айыппұл төлеген. Ал көпшілік ортаны ластағаны үшін тағы 1 миллиард 700 миллион теңгесінен айырылыпты. Бірақ бәрінен де жол ережесін бұзғаны үшін қазақстандықтар көбірек шығындалған. Дәлірек айтқанда, 68 миллард 660 миллион теңгеге. Оның ішінде жылдамдықты асырғаны үшін 34 миллиард теңге, жол белгілерін елемей, тәртіп сақтамағаны үшін тағы 9 миллиард теңгесімен қош айтысқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!