{metadescription}
Шетел көлігін заңдастыруға жаппай өтініш беріп жатыр
Шетел көлігін заңдастыруға жаппай өтініш беріп жатыр

Шетел көлігін заңдастыруға жаппай өтініш беріп жатыр

Елімізде бүгіннен бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. Құжат рәсімдеу шаруасы тәртіп сақшылары мен ХҚКО мамандарына жүктелген. Неше жылдан бері көрші елдің көлігіне қазақстандық нөмір ала алмай жүргендер жаппай өтініш беруде. Бірақ алғашқы күні бәрінің дегені болмай жатыр.

Мысалы, Ақтөбе облысында түске дейін хабарласқан 300 адамның тек 35-і ғана көлігін заңдастырған. Оның себебі көп.

Ақтөбедегі халыққа қызмет көрсету орталығында күндегіге қарағанда адам қарасы көп. Олардың дені шетелдік нөмірлі көліктерін заңдастыру үшін жүргендер. Келе сала өтінішін жолдап, дегеніне жеткеннің қатарында ақтөбелік Нұрдәулет Қуанышбай бар. Төрт жыл бұрын Ресейден айдап әкелген Тойотасына таң атасымен қазақстандық нөмір тақты.

Нұрдәулет Қуанышбай, Ақтөбе тұрғыны:

- Машинам таза болғаннан кейін еш қорықыныш болған жоқ, Тіркелетініне сенімді болдым. Қуаныш бар. Қазақ нөмірін 200 мың теңгеге алған деген жақсы нәрсе ғой. Қазір кеденнен өткізу, утильалым, соның бәрі 3 миллионға дейін шығып кетеді.

Ақтөбе облысы бойынша шетелдік нөмірдегі көліктерді заңдастыруға бес арнайы орталық жұмыс істеп жатыр. Алғашқы күні бұл өңірде түске дейін 300-ге жуық өтініш түскен. Басым бөлігі көршілес Ресейден жеткізілген көлікке қатысты. Дегенмен әзірге тек 35 адамның құжатын құптаған. Ал қалғаны заңдастырудан өтпеген көлікті не істейміз уайымдап деп жүр.

Асымхан, Ақтөбе тұрғыны:

- Қазір көлігім еш жерде жоқ. Ауада тұр. Соның аныққанығына көз жеткізгім келіп тұр. Егер ол ауада тұрған машинаны тіркеуге ензібейтін болса, біз не істейміз? Міне, сұрақ. Мұндай мәселе менде емес, қаншама халықта бар. Соған қандай көмек болады?

Оралда да Халықққа қызмет көрсету орталығына шетелдік нөмірін ауыстыруға келгендер көп. Көбі таң атасымен орталық есігі ашылмай жатып-ақ кезекке тұрыпты. Тәртіп сақшыларымен бірге осындағы мамандар келушілерге барынша түсіндіріп жатыр. Өтінішті ең алдымен онлайн жіберуге болады.

Ақылбек Омарғалиев, Орал мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы:

- Тіркеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші – Егов порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы өтініш өткеннен кейін, ішкі істер криминалистерімен тексерістен өтеді.

Қазір Қарағанды облысында 10 мыңға жуық шетелдік көлік бар. Мұндағылар заңдастыру басталған күні орталыққа келушілер көп болатын шығар деп ойлаған. Бірақ мамандар күткендей болмады.

Елжас Жартыбаев, Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- ХҚКО бар, Қарағанды облысы бойынша, сол жерлерде алғашқы кезеңді бере алады. Содан кейін ангарға келіп тексеріліп, барлығы дұрыс болса, қазақстандық мемлекеттік нөмірін ала алады. Талапқа сай келмегені шығып жатыр. Тіркеуден шешілмеген автокөліктер. Олардың кедергіні жою үшін 1 шілдеге дейін уақыты бар.

Мамандар шетелдік көлігін заңдастыру үшін тұрғындарға асығып-аптығудың қажеті жоқ деп отыр. Бұл науқан алдағы жарты жыл бойы жүргізіледі. Ал осы тіркеу кезінде өзге елде іздеуде жүрген, шикілігі табылған машиналар табылса, бірден айыппұл тұрағына жіберіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде