{metadescription}
Алматыда айлық алмаған арнайы қарулы күзет қызметкерлері шу шығарды
Алматыда айлық алмаған арнайы қарулы күзет қызметкерлері шу шығарды

Алматыда айлық алмаған арнайы қарулы күзет қызметкерлері шу шығарды

«Құр уәдемен отбасымызды асырай алмаймыз»! Алматыда арнайы қарулы күзет мекемесінің қызметкерлері бүгін осылай шу шығарды. Айтуларынша, басшылықтың айлық бермегеніне үш ай болған. Бос сөзден шаршаған күзетшілер бүгін кезекті рет директордың кабинетіне кірді.

Мәселенің мән-жайын білу үшін бірге барған арнамыздың түсірілім тобына жауаптан қашқан басшы қарсылық көрсетіп, журналистерді жағадан ала жаздады.

Әй-шәйға қарамай, микрофонды жұлмалай, бар екпінімен итеріп жатқан жігіт ағасы «Глобус» арнаулы қарулы күзет мекемесінің директоры. Биғали Керімбаевтың кабинетіне кіргендер шақырылмаған қонақ  емес – өзінің қол астындағы қызметкерлері.

- Бірінші рет естіп жатырмын!

- Микрофонды жіберіңіз.

- Кетіңіздер бұл жерден!

Жауаптан қашудың жолы микрофонды жұлып алу деп түсінсе керек, доқ көрсетіп, кабинетінен кетуге асықты. Алайда айлықтың жүзін көрмегеніне үш айға жуықтаған күзетшілер оны оңайлықпен шығармады.

Ермек Құсайынова:

- Желтоқсанның аяғына дейін төлейміз деді, егер төлемейтін болсақ, біз сіздерге өтемақы береміз деді.

- Қаңтардың бесіне дейін.

- Қазіргі жағдай қандай болып тұр?

- Қазіргі жағдай сол, ешқандай айлық жоқ. Екі жарым ай болды, еш жалақы жоқ.

 «Глобус» арнаулы қарулы күзет мекемесінде жалақыға жарымадық дегендердің саны30-дан асады. Орташа қолына тиетін айлық жүз мыңның ар-жақ бер жағы. Эльмира Абдуллаева уайымнан инсульт алғанын айтады. Сорақысы сол, мекемеден әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақша аударылмай келгендіктен, аурухана қабылдамай қойыпты.

Эльмира Абдуллаева:

- Емханаға барсам, сақтандыру төленбеген, қабылдамады. Амал жоқ, енді қай жаққа барам дедім, жанжаққа, бәріне қарызданып жүріп, сақтандыруды төлегеннен кейін ғана қабылдайды. Тамыз айынан бастап, бес ай, бізге не сақтандыру, не зейнеақы төленбеген.

«Не бел, не белбеу кетеді» деген күзетшілер нақты жауабын бермейінше, кабинеттен кетпейміз деді. Мекеме директоры «ертең берем» деп, өз кабинетінен өзі асыға тайқып тұрды.

- Ертең, ертең берем, бәріне.

Шарасыз күзетшілер ертеңнен қайыр болмаса, прокуратураға арызданамыз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде