{metadescription}
Қарағандыда мамандар газ жарылған үйді тексеріп жатыр
Қарағандыда мамандар газ жарылған үйді тексеріп жатыр

Қарағандыда мамандар газ жарылған үйді тексеріп жатыр

Қарағандыда газ жарылған екі қабатты үйді мамандар тексеріп жатыр. Апаттан бірнеше пәтерге зақым келген. Ал жарылыс болған пәтердегі ерлі-зайыптылар ауруханада жатыр. Жағдайы орташа. Қазір үй тұрғындары қираған мүлкін түгендеп, күл-қоқысты шығарып жатыр.

Константин Стома, Қарағанды тұрғыны:

- Әзірге қираған есігімізді ауыстырып қойдық. Бұл есік жарылыстан ұшып кеткен. Шифоньер айнасымен қоса күлталқаны шықты. Апатта құбырлар жарылып, жылусыз, сусыз қалдық.  Коммуналдық қызметкерлер оны жөндеп, қосты. Жарылыстан құлайтын жердің бәрі құлады, құламағаны ары қарай да тұра беретін шығар.

Газ баллоны екінші қабаттағы пәтерде жарылған. Зардап шеккен 51 және 52 жастағы ерлі-зайыптылар. Олар көрші бөлмеде болып жаны аман қалған. Тек басы мен қолын күйік шалыпты. Ал қысымның күшіне 50-ші жылдары салынған үйдің төбесі мен есік терезелері шыдамапты. Астында және қабырғалас орналасқан пәтрелерге де зақым келген. Құтқарушылардың айтуынша, бес литрлік газ баллонын үй иесі балыққа бармақ болып толырып үйге кіргізіпті. Жылы жерде дұрғанда гүрс ете қалған. Енді тұтас үйдің тұруға жарамдылығын арнайы комиссия тексеріп байлам жасайтын болады. Әзірге жарылыс болған пәтер демеушілердің көмегімен жасалып жатыр.

Серік Дүйсембаев  Ә.Бөкейханов ауданы ТКШ бөлімінің бастығы:

- Қазір, өздеріңіз көріп тұрғандай, демонтаж болып жатыр. Бір сағатың ішінде пластик терезелерді саламыз, қайтадан, басқасын, жаңадан. Үйде жарық, су, жылу бар. Кеше бәрін қалпына келтірдік және де үй ішіндегі құрылыс қалдықтарын бәрін далаға шығардық. Төбесін әзірге уақытша полиэтиленмен жабамыз. Ол мәселе қазір шешіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде