ОСК дауыс беру құқығы бар азаматтардың тізімін жасап шығарды
Мәжіліс сайлауында 12 миллион қазақстандық өз таңдауын жасай алады. Орталық сайлау комиссиясы өткен жылдың 1 шілдесі мен биылғы 1 қаңтар аралығындағы жағдай бойынша дауыс беру құқы бар азаматтардың тізімін жасап шығарған.
Автор: Әзиза Төленби
23.01.2023
Константин Петров, ОСК төрағасының орынбасары:
- Әрбір азамат қазірдің өзінде жергілікті әкімдікке сайлау күні нақты қайда болатынын айтып, қайта бекіту туралы өтініш қалдыруға құқылы. Уақытша тіркелген және тіркелмеген азаматтар бұл құқықты пайдалана алады, бірақ алдын ала қамдануы керек. Яғни азаматтар сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішті әкімдікке дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей, яғни 2023 жылғы 17 ақпанға дейінгі мерзімде ұсынуы қажет.
Сайлаушылардың басым бөлігі Түркістан облысынан, ал ең азы Ұлытау өңірінде тіркелген.
Кезектен тыс Мәжіліс сайлауы 19 наурызда өтеді. Саяси аламанға қатысатын 7 партия Орталық сайлау комиссиясының рұқсатымен тіркеуден өтті. Алайда тиісті филиалдары мен өкілдіктерінің болмауына байланысы, «Байтақ» партиясы Мәслихат депутаттарын сайлауға тек Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстары ғана қатыса алады. «Республика» партиясы да дәл осындай себеппен Мәслихат депутаттарының сайлауына жіберілмейді. Дегенмен кандидаттарды ұсыну 20 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін болғандықтан, әлі де уақыт бар. Аталған екі партия осы кезең аралығында өңірлерде өз филиалдарын ашып үлгерсе, Мәслихат депутаттарының сайлауына кедергісіз қатыса алады. Бүгін жиынға қатысқан бас санитар дәрігер вирустық ахуал елімізде дәл қазір тұрақты болғанымен, кейін жағдай өзгеруі мүмкін екенін еске салды. "Дегенмен, сайлау күні дауыс беруге бетперде тағып келу артық етпейді", - деді Айжан Есмағамбетова.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар дәрігер:
- Бүгінде республикамызда тұмаудың екі түрі айналымда жүр. Ол «А» және «Б» тип. Кандидаттарды ұсыну бойынша съезд, конференция өткізген кезде үйжайды пайдалануды, үйде желдеткіш, баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуі, бетперде тағуды ұсынамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!