{metadescription}
Павлодар-Астана тасжолында тұрған көліктерді джип жайпап өтті
Павлодар-Астана тасжолында тұрған көліктерді джип жайпап өтті

Павлодар-Астана тасжолында тұрған көліктерді джип жайпап өтті

Павлодар-Астана тасжолындағы жантүршігер апаттан аман қалған төрт адам ауруханада жатыр. Біреуінің жағдайы тым ауыр.

Оқиға Қалқаман ауылының маңында болған. Жолаушы тасымалдаумен айналысатын Лада көлігі бұзылып, жол жиегіне тоқтапты. Сол сәтте оны екінші көлік соғып, аударып тастаған. Бірақ бұл апаттан жолаушылар да, жүргізуші де дін аман қалған. Шошып қалғандар аударылған көліктен шығып тұрғанда, жоғары жылдамдықпен жүйткіген жол талғамайтын көлік бәрін жапырып өтеді. 25 жастағы такси жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал екі жолаушы темір қоршаудың екінші бетіне ауып түсіпті. Олардың сүйегі сынып, бірден Екібастұз ауруханасына жеткізілді.

Светлана Подзорова, Екібастұз ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Түрлі дене жарақатын алған төрт адам жеткізілді. 1979 және 2004 жылы туған екеуінің жағдайы аса ауыр. Ал екі науқас травматология бөлімшесінде емделіп жатыр. Біреуі жасөспірім, екіншісі 26 жастағы азамат. Олардың жағдайы орташа.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.