{metadescription}
Бәс қабылдап байығандар мен барынан айырылғандар
Бәс қабылдап байығандар мен барынан айырылғандар

Бәс қабылдап байығандар мен барынан айырылғандар

Букмекер компаниялардың қаржы айналымы бір жылда бақандай сегіз жарым есе өскен. Бұл шамамен 450 млрд теңгеден асады. Жарнамаға шектеудің жоқтығы және қолма-қол қаржысы жоқ ойынқұмар адамдарға несиеге ойнау сияқты қитұрқылықтың ұсынылуы букмекерлердің ақша айналымын да, сәйкесінше табысын да еселеп өсірді дейді сарапшылар.

Соның салдарынан барынан айырылып жатқан адамдар көп. Тіпті құмар ойыннан құтыла алмай, арнайы орталыққа түсетін жастардың саны артыпты.

Шын атын атап, түсін түстемеуін өтінген жігіт өзін Асқар деп қана таныстырды. Небәрі 21 жасында құмар ойын мен есірткіге тәуелді болғандардың бірі. Жасына қарап, соның барлығына қалай үлгерді дерсіз... Бәрі он жасында бәс тігуден басталыпты. Алғашында қызыққан ойыны кейін құмарға айналған. Бір күннің ішінде 55 миллион теңгеге ұтылып, күйзелістен шықпақшы болып нашаға да әуестенген. Осылайша айналдырған 11 жылдың ішінде 155 миллион теңгесі желге ұшқан.

Асқар:

- Әкешешем криминалда жүргенімді біліп қойып, сол кезде маған «менде ұл балам жоқ, сен маған керек емессің» деп айтты. Сол кезде эмоционалдық ең қиын уақыт болған. Сол уақыттан кейін оңалтуға жатқанмын. Жүйкем бұзылғанда үйден бүкіл алтынды шығарып, ақша ұрлап, бәрімен ұрсысып кетіп қалғам.

Асқардан бөлек осы орталықта тағы 50 адам емделіп жатыр. Оның 20-сы – ойынқұмар. Қалғаны есірткі мен ішімдікке әуес. Мұнда жылына тәуелділіктен арыла алмай жүрген 100-ге жуық адам түседі. 90 пайызын жақындары мәжбүрлеп әкелген. Орталықтағылар ойынқұмар адам көбіне есірткі мен ішімдікке де тәуелді болады дейді.

Саламат Әкімішов, емдеу орталығының бөлім басшысы:

Ойынқұмарлықтың ішінде ішімдік те, наша да жүреді. Үшеуі бірге емделеді. Адам бастапқы кезде мойындамайды. Атаанасы арқылы келген кезде мойындамайды, «мен тәуелді адам емеспін, маған кедергі жасамаңдар, өміріме араласпаңдар, мен өзім білемін, не істеу керегін» дегендей. Сол бізге қиын. Біз психологиялық тұрғыда емдейміз. 12 қадам деген.

Психологтар бәс тігуге құмарлық біздің өскен ортамызға тікелей байланысты дейді. «Оңай байып кетемін» деп ойлайтындардың барлығы қара басына үстемдік ете алмайтын әлсіз адам әуестігі.

Ділдә Сақтағанова, психолог:

Бәс тіккенде бірекі рет ұтқанына байланысты, сол эмоциясын қайталау үшін және көп жағдайда сол қайталанған кезде мен күллі проблемадан құтыламын деген үмітпен істейді. Бұл өзінің ішкі құмарлық энергиясын басқара алмауы.

Ойын бизнесі саласындағы азаматтардың құқығын қорғау қауымдастығы букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолардың ақша айналымы ресми мәліметтен әлдеқайда жоғары деп отыр. Ал ойынқұмарлардың көбеюі  пандемия мен әр жерден жылт еткен жарнаманың кесірі дейді.

Бадри Шаинидзе, ҚР Ойын бизнесі саласындағы азаматтардың құқығын қорғау қауымдастығының басшысы:

- Бізде ойын бизнесі қызметі жарнамасына тыйым салынбаған. Еш шектеу жоқ. Сондықтан осындай мүмкіндікті ойын бизнесінің өкілдері кең қолданып жүр. Яғни олар ақшаң болмаса, несиеге тігуді және әртүрлі депозит ұсынады. Бұладамдардың қалтасынан ақшаны қағып алу.

Ал спорт журналисі Ермұхамед Мәулен жалпы құмар ойындардың ара-жігін ажыратып алу керек деп санайды. Айтуынша, онлайн казино мен лото клубтарды, сондай-ақ дүкендердегі ойын автоматтардың көзін құртып, букмекерлік кеңсені қалдыру керек. Өйткені бәс тігетіндерге шектеу қойылса, мемлекет ішіндегі қаражат шетелге кетеді дейді ол.

Ермұхамед Мәулен, спорт журналисі:

Біріккен араб әмірліктерінде, Сауд Арабиясында осы мәселе қозғалды. Олар енді ислам мемлекеті ғой. Оларда шектелген. Бірақ соның өзінде олар ВПН арқылы, басқа да түрімен Малайзия, Индонезияда ашылған букмекер кеңсеге тіркеліп, өз атысшабыстарына, түйе жарыстарына бәс тігеді. Сөйтіп қомақты қаржы Біріккен араб әмірліктерінен сыртқа шығып кетіп жатыр. Осыны министрліктер түсінді де, өзіміз мемлекет ішінен букмекер кеңсе, казино ашамыз, ортақтандырылған ұлттық лотереяны ойлап тапты.

Расында да, қазір ойнауға деген мүмкіндік көбейіп кеткен. Кезінде салпаңдап арнайы мекемеге барып бәс тігетін болсаң, қазір жай ғана компьютерде ойнай бересің. Мұнда букмекер кеңселерден бастап, онлайн казиноға дейін бар. Керекті сілтемеге кірсең жеткілікті. Былайша айтқанда, ерік-жігерің әлсіз болса, санаңмен кіріп кетуің бір-қ сәтте. Ал одан байып кеткендерден гөрі, барынан айрылғандар өте көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде