{metadescription}
Пойыз апатында бір адам мерт болды – Павлодар облысы
Пойыз апатында бір адам мерт болды – Павлодар облысы

Пойыз апатында бір адам мерт болды – Павлодар облысы

Павлодар облысында жүк тиегіш көлік пойызбен соқтығысты. Шойын жолдағы осы апаттан бір адам қаза тапты.

Оқиға Екібастұз қаласының шетіндегі Лесхоз ауылының маңында болған. 49 жастағы жүргізуші теміржолды кесіп өтерде отарбаны байқамай қалыпты. Себебі, бұл маңдағы шойын жолға шлагбаум орнатылмаған. Қатты соққыдан жүк көлігі аударылып, жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кетті. Аталмыш оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Фаруз Көсембеков, Екібастұз полиция басқармасының рота командирі:

- 49 жастағы жүк көтеру көлігінің жүргізушісі құрамында алпыс вагоны бар теміржол электр жүргізу көлігінің қақтығысуына жол берді. Жол көлік оқиғасынан жүк көтеру көлігінің жүргізушісі дене жарақатынан оқиға болған жерде қайтыс болды. Осы факті бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде