{metadescription}
Жамбыл Ахметбеков те Қазақстан халық партиясынан шығып кетті
Жамбыл Ахметбеков те Қазақстан халық партиясынан шығып кетті

Жамбыл Ахметбеков те Қазақстан халық партиясынан шығып кетті

Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі ахуал ушыға түскендей. Саяси ұйымның құрамынан бүгін тағы бір белсенді мүшесі шығып кетті. Мәжілістің үш шақырылымында депутат болған, екі рет президент сайлауына түскен Жамбыл Ахметбековтің мұндай шешім қабылдауына жаңа басшылықпен түсінісе алмауы себеп болған.

Осыған дейін де төменгі палатаның жетінші шақырылымында депутат болған Қазақстан халық партиясының екі мүшесі партияның есігін тарс жапқанын мәлімдеген. Ерлан Смайылов пен Ғазиз Құлахметов те қазіргі төраға Ермұхамет Ертісбаевпен тіл табыса алмағанға ұқсайды. Бұл туралы олар ақпарат көздеріне берген сұхбатында айтқан. Десе де, бір емес, үш бірдей белсенді мүшесінен айырылған Қазақстан халық партиясының басшылығы бұған аса алаңдап отырған жоқ.

Наиль Сайфуллин, ҚХП төрағасының орынбасары:

- Үшеуінің кеткенімен, партияның ортасы ойсырап қалды деп айта алмаймын. Мәселе басқада. Қалай және қандай жағдайда кеткені маңыздырақ. Не дегенмен, Қазақстан халық партиясының атынан депутат болғандар. Одан қалды, партиядан парламент тарағаннан кейін шығып отыр Бұл дегеніміз, демек оларға депутат мандаты маңызды болды. Әйтпесе Мәжіліс таратылғанға дейін өз ұсынысын немесе наразылығын айтып кетуге де болар еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде