ArtSport жобасына 86 миллиард 7 миллион қарастырылды
ArtSport бағдарламасы жалғасады. Мәдениет және спорт министрі соңғы жылдары даудан арылмай кеткен жобаның әрі қарай тағдырын айтты. Тек биыл тегін үйірмелерге қатысатын бала саны 560 мыңнан аспауға тиіс. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар 86 миллиард 7 миллион теңге қарастырып отыр.
Автор: Айғаным Достанбай
25.01.2023
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- «Арт спорт» жобасы міндетті түрде жалғасын табады. Енді ортақ жауапкершілік ретінде орталық мемлекеттік мекемелермен, жергілікті атқарушы билік өкілдерімен және де үкіметтік емес ұйымдардың спорт жанашырлары бірлесіп жұмыс атқаруына шақырамыз. Өйткені үлкен жауапкершілік, біраз ақша.
Ведомстваның қорытынды коллегиясына өңір-өңірден спорт жанашыры жиналды. Талай жылдан бері қордаланған проблемалардың келесісін зілтемірші Илья Ильин ортаға тастады. Олимпиада чемпионы ауыр атлетика федерациясының төбесіндегі қара бұлтты сейілтуге дайын екенін айтты. Тіпті министрден тарыдай шашылған спортшылардың басын біріктіріп, тығырықтан шығаруға рұқсат беруін сұрады. «Осы уақытқа дейін
пісіп-жетілдім» деп сөзін сабақтаған Ильин өзін Ауыр атлетика федерациясының президенті қызметіне ұсынды. Асхат Оралов чемпионға нақты жауабын кесіп айтқан жоқ. Бұл мәселені бірге отырып ақылдасамыз деумен ғана шектелді.
Илья Ильин, зілтемірші:
- Мен бұл жерде екі жыл кәсіби спортшы емес, спорт менеджері ретінде жұмыс істедім. Екі жыл бойы мен қарым-қатынас орнатып, командада кейбір мәселені шешіп келемін. Бір жылдан бері біз түсініксіз жағдайда жүрміз, Ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай жүрміз. Біз команда құруға міндеттіміз, өйткені қиындықтар бар. Кейін біз екіге, содан кейін үш бөлікке бөліндік. Өңірлерге барып, бапкерлермен жеті сағат сөйлесіп, спортқа қол сілтей салмауын түсіндіруге тура келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!