{metadescription}
Анасы ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол салған – Алматы
Анасы ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол салған – Алматы

Анасы ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол салған – Алматы

Алматыда 42 жастағы әйел туған ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол салған. Есінен адасқан келіншек 12 жастағы баласын пышақтап тастаған соң бұрыңғы күйеуіне аудиохабарлама жіберіп, ішіне жын кіріп кеткенін айтыпты. Полиция жантүршіктіретін оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

- Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек Алмалы ауданы полиция басқармасымен ҚР ҚК 99-бабымен сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркелгенін хабарлайды. Ер адамның айтуынша, оның бұрынғы әйелінің соңғы айларда жүйкесі ауырған. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аза бойыңды қаза қылатын оқиға үш күн бұрын қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Көршілері жалғызбасты ананың

бұрын-соңды оғаш қылығын байқамадық деп отыр. Бірақ қылмыс болған күні таңғы бес шамасында баланың айқайлаған дауысы еміс-еміс естілгенін жеткізді. Бірақ оған тұрғындар аса мән бермеген. Куәгерлер жүйкесі жұқарған әйел үйін ішінен кілттеп, шырт ұйқыда жатқан ұлына алты жерден пышақ сұққанын жеткізді. Ауыр жарақаттан жеткіншек тіл тартпай кеткен. Сосын үйіндегі мысығын да бауыздап тастаған. Қолын қанға малған әйел соңында суицидке барған. Таң алакеуімде бұрынғы әйелінен аудиохабарлама алған күйеуі бірден полиция мен құтқарушыларды шақыртып, пәтерге есікті бұзып кірген.

Елена Красновская, оқиға куәгері:

- Мен куәгер ретінде полициямен бірге пәтердің ішіне кірдім. Әйел баласының жүрек тұсы мен тамағына пышақ сұққан. Іздері көрініп тұрды. Сосын мысықты өлтірген. Ал өзінің кеңірдегін осып жіберіпті. Қорқынышты көріністі әлі ұмыта алмай жүрмін. Марқұмның күйеуімен ажырасқанына бес жылдан асқан. Көрген жерінде амандасып жүреді. Томаға-тұйық әйел еді. Мұндай қатігездікке баратын адамға мүлдем ұқсамайтын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде