{metadescription}
Қарағандыда турфирма директоры 11 миллионды қалтасына басқан
Қарағандыда турфирма директоры 11 миллионды қалтасына басқан

Қарағандыда турфирма директоры 11 миллионды қалтасына басқан

Қарағандыда тұрғындарға жалған жолдама сатқан туристік фирма директоры үш жылға сотталды. 28 жастағы Ольга Пожематкина шетелге демалуға бармақ болғандардың 11 миллион теңгесін жинап алып, өз қажетіне жаратқан.

Айгүл Мырзабекова, судья:

- Пожематкина Ольга Анатольевна ҚР ҚК 190-бабы, 3-тармағының.

1 және 3-пункіне сәйкес кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Жазасын орташа қауіпсіз режимдегі мекемеде өтейді. Осыған дейін үйқамақта болған ол сот залында ұсталып қамауға алынсын.

Тергеу кезінде үйқамақта болған Ольга Пожематкинаға бұл үкім төбеден жай түсіргендей болды. Өйткені ол іс қозғалысымен күйеуімен ажырасып, жалғызбасты ана статусын алған. Емшектегі баласы да бар. Тіпті елге қарыз болып қалғанын айтып полицияға өз аяғымен барған. Сондықтан іс азаматтық сотқа ауысып, ары кетсе шартты жаза болады деп үміттенген. Алайда сот тергеуі оның алаяқтықты қасақана жасағанын дәлелдеді.  Сондықтан өзін қамауға алып, баласының тағдырын қамқоршы органдары шешсін деген қаулы шығарды. Елден алғанын тиынына дейін қайтару міндеттелді. Дегенмен зардап шеккендер қаражатына жылдам қол жеткізетініне сенбейді.

Айсұлу Бекжігітова, жәбірленуші:

Шығынымыз 2 миллион 580 мың теңге. Отбасым – үш балам, жолдасым, бес адамбыз, Туркияға барамыз деп үміттенгенбіз. Менің ойымша, біздің қателігіміз – фирманың құжаттарын тексерген жоқпыз. Апамның айтуымен, біз сол фирмаға бардық, одан кейін ақшамызды толық төледік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.