Астаналық бойжеткен ашық тұрған құдыққа құлап кетті
Абайсызда ажал құша жаздады. Астаналық бойжеткен көшедегі ашық тұрған құдыққа құлап кеткен.
Автор: Елдос Есенбол
26.01.2023
Оқиға кеше түнде болды. 112 жедел желісіне көше қиылыстарының бірінде болған төтенше жағдай туралы хабарлама түскен. 26 жастағы қыз кеш қарая ашық тұрған құдықты байқамаса керек. Әрі құдықтың бетінде не қақпағы, не қоршауы да болмапты. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем дереу жөнелтіліп, Астана тұрғыны аман қалды.
Марат Сыздықов, Астана ТЖД бас маманы, құтқарушы:
- Дереу құдықтың ішіне түсіп, қолының зақымдағанын байқадық. Бізбен бірге төменге жедел жәрдем мамандары да түскен еді. Жарақаттанған қолын байлап, зардап шеккен азаматты баспалдақпен жоғары көтердік. Кейін кең жерде кәсіби медициналық көмек көрсетілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!