{metadescription}
Әнші Бағланның казиноға тәуелді болған кезеңі ашық көрсетілді – Zero
Әнші Бағланның казиноға тәуелді болған кезеңі ашық көрсетілді – Zero

Әнші Бағланның казиноға тәуелді болған кезеңі ашық көрсетілді – Zero

Көптің аузында жүрген Zero фильмі бүгіннен бастап көрерменге жол тартты. Ерекше атау берілген туындының продюсері әрі бас кейіпкері – әнші Бағлан Әбдірайымов. Құмар ойынға тәуелді болған кезеңі осы фильмде көрініс тапқан.

- Записьқа келмейсің, телефоны сөндірулі. Мүмкін, шынымен де бір жағдай болып қалған шығар. Айтайын, бұның жағдайын, мынау казино ойнап жүр.

Құмар ойынның құлына айналған Бағлан құрдымға түседі. Басында көңілі шат, қалта толы ақша болды. Оңай олжа осылай келе берер деген алдамшы түйсігі оны құлдыратарын ол кезде аңғармаған еді.

Фильмнің тұсаукесеріне өнердегі, өмірдегі әріптестері көп келді. Жалпақ жұртқа жария болмаған ғұмырының көлеңкелі сол тұсын біразы біледі. Ұйықтан шығаруға да тырысқан. «Ақ пен қара» кітабында сырын бүкпесіз баяндаған соң, оны фильмге айналдырсам деген Бағланның мақсаты бүгін орындалған күн.

Бағлан Әбдірайымов, әнші, продюсер:

- Не үшін көру керек деп айтатын болса, бәріміз пендеміз ғой, барлық адам қателеседі, барлық адам шатасады. Бірақ осы киноны көрген кезде, барлық адам еңсесін көтеріп, адасқанның айыбы жоқ деп, еңсесін көтеріп жүруге хақысы бар. Бәрінің бақытты болуға құқығы бар деген сияқты. Сондай ой қалыптастыратын сияқты.

Жарты жылға жалғасқан шығармашылық жұмыстың жемісі бүгін көпшілікке паш етілді. Әнші Бағлан мұнда актер Бағлан ретінде басқа қырынан ашылады. Фильмнен көрермен бірталай танымал актерлерді көреді.

Талғат Жәнібеков, режиссер:

- Осы фильмді түсіргеніме қуаныштымын. Жақсы шықты деп ойлаймын. Көпшілікке ұялмай көрсетуге болады. Шығармашылық ұжым да өз ісін білетін кәсіби мамандардан құралды. Түсірілімнің өзі 24 күнде аяқталды. Міндетті түрде келіп, киноны көрген соң бағасын беріңіздер!

Zero фильмі бүгіннен бастап елдің барлық кинотеатрында көрсетіледі. Бағлан Әбдірайымовтың өмірлік сабақ болар бастан кешкен хикаясын баяндайтын фильмнің сіз де көрермені болыңыз!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде