{metadescription}
«Мир Меха»: Бір тон алсаң, екіншісі – тегін
«Мир Меха»: Бір тон алсаң, екіншісі – тегін

«Мир Меха»: Бір тон алсаң, екіншісі – тегін

Жаппай сатылымнан қапы қалмаңыз! Алматыда «Мир Меха» тондар дүкені тұтынушыларға қайталанбас жеңілдік ұсынады. Қыз-келіншектердің ертеңнен бастап мұндағы өнімді оңтайлы бағаға сатып алуына мүмкіндік бар. Оның үстіне бір тон алса, екіншісі тегін берілетін акция да басталмақ.

Көз жауын алар ішіктердің мұнда сан түрі самсап тұр. Күзен, бұлғын, сусар, түлкі сынды түрлі аң терісінен тігілген сырт киімді алуға әркімнің-ақ дәмесі бар. Ертеңнен бастап қолжетімді әрі орасан жеңілдікпен арзан бағаға тон сатып алуға болады.

Ғалия Зағидуллина, сатушы:

- Жеңілдік 30 пайыздан бастап жоғарылай береді. Егер 800 мың теңге тұратын тон сатып алса, керлиден жасалған ішік сыйлаймыз. Сондайақ «тедди» моделінің барлық түріне 40 пайыз жеңілдік қарастырылған. Оған қоса банк арқылы осы жерде бөліп төлеп алуға да жағдай бар.

«Мир Мехадан» ішік сатып алған клиентке 70 мың теңгелік сертификат та беріледі. Бұл өнімнің бәрі Ресейде тігіледі. Мұнда қыстық киімнің мың жарымнан астам түрі бар. Бағасы мен сапасы сай тонды сатып алған қыз-келіншектердің көңілі көтеріңкі.

Ирина Хаирова:

Бұл жерде түрлі жеңілдік болатынын естіп, бүгін арнайы келдім. Қалағанымды таптым. Мына тонға үлкен жеңілдік жасады. Оның үстіне керли ішігін де тегін сыйлады. Өте қуаныштымын. Бұрын бұл жерден тон сатып алғанмын. Сапасы жақсы. Әлі күнге дейін киіп жүрмін. Мынау енді екінші тоным болады.

«Мир Меха» дүкеніндегі жеңілдіктер ертеңнен басталады. Сан түрлі тонды арзанға сатып алғыңыз келсе, ат басын Балуан Шолақ спорт сарайындағы «Мир Меха» жәрмеңкесіне бұрыңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде