Заңдастыру: Іздеуде жүрген көліктер табылып жатыр
Шетел көлігін заңдастыруда іздеуде жүрген темір тұлпарлар табылып жатыр. Орал қаласының тұрғыны мініп жүрген машинасының ұрланған екенін тіркеу кезінде бір-ақ білген.
Автор: Бек Әбиев
27.01.2023
Сондай-ақ шетел көлігін заңдастыру науқанынан оңай олжа таппақ болғандар да бар. Мәселен, Түркістан облысында армениялық көліктерді тіркеуден шығарып, қазақстандық ақ нөмір алып беремін деген хабарландыру тарап жатыр. Алаяқ өз қызметін миллион екі жүз мың теңгеге бағалаған. Осындай ақша берген адамның көлігін бір тәулікте тіркеуге қойып беремін деп уәде береді екен. Қазір күдікті ұсталды. Ол Қостанай облысында отырып, түркістандық жүргізушілердің қалтасын қақпақшы болған. Полицейлер алаяқтың қанша адамды алдап ақшасын алғанын анықтап жатыр.
Ермек Шәкім, Түркістан облысы ПД жедел уәкілі:
- Күмәнді хабарландыруды бірден назарға алған полицейлер күдіктіні анықтады. Ол Қостанай облысының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін қырағы болуға және осындай күмәнді ұсынатын интернеттегі хабарландыруларға сенбеуге шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!