{metadescription}
Әдеп кодексі: Сот өкілдерінің жеке өміріне де шектеу бар  
Әдеп кодексі: Сот өкілдерінің жеке өміріне де шектеу бар  

Әдеп кодексі: Сот өкілдерінің жеке өміріне де шектеу бар  

Соттар той-томалаққа бармайды. Бүгін елдің түкпір-түкпірінен келген заң өкілдері судьялық әдеп кодексін жан-жақты талқылап, жаңғыртудың қамына кірісті. Айтуларынша, құжатта сот өкілдеріне шектеу көп. Тіпті жеке өмірінде де дегенінің бәрін жасай алмайды дейді.

Айдын Бекебаев, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы:

- Сотқа аса көп міндет бар. Кейбір сот мейрамханаға бара алмайды. Қорқады. Өйткені қысып тастаған да. Біздің ойымызша, ол да дұрыс емес. Жұмыстан тыс уақытта, сот та адам ғой, судьялар адам болған соң, олар да адам сияқты баратын жеріне барып, қыдыратын жеріне қыдыру керек. Енді заң шеңберінде жүреміз ғой, бәріміз адвокат болсын, прокурор болсын, судья болсын. Сол әдеп кодексін халықаралық стандартқа жеткізу керек.

Сондықтан бүгін адвокат та, прокурор мен сот та, бір үстел басына жиналды. Келер жылы "Судьялық әдеп" кодексінің жаңасын қабылдайды. Қазіргісі 2016 жылы күшіне енген еді. Бүгін тәжірибелі мамандар осы кодекстің артық-кемшіліктерін жіпке тізді. Сондай-ақ видеобайланыс арқылы АҚШ-тағы әріптестері де қосылып тәжірибелерімен бөлісті. Кей судьялардың пікірінше, мамандықтың беделі бұрынғыдай жоғары емес. Яғни ертеректе жастардың басым көпшілігі сот болуға ұмтылса, қазір ондай талпынысы барлардың қатары сиреген. Сол себепті судьялардың әдеп кодексі өзгеріске сұранып тұр дейді олар. Бұдан бөлек, кей үкім шығарушылардың сот процесі кезіндегі тәртібіне қоғам тарапынан шағым түсіп жатады. Әдеп кодексін өзгертуге түрткі болған факторлардың бірі осы. Жиынға қатысушылар арасында судьялар тіпті зейнетке шыққаннан кейін де заң өкілі екендігін ұмытпау керек дегендер болды.

Думан Мәуленов, Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрағасы:

- Судья отставкаға шықса да, құрметті демалысқа шықса да, өзінің мәртебесін сақтап қалғандықтан, осы кодекс ережелерін сақтау керек. Одан бөлек, кей жағдайда біздің судьялар тәртіптік жауапкершілікпен осы әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселесінің.

- Ара-жігін ажыртуда қиындықтар туып жатады. Қай мәселені біз тәртіптік тұрғыдан қарауымыз керек, қай мәселеде біз құқықтық жауапкершілік мәселесін қозғауымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде