{metadescription}
ОСК: Саяси науқанның бірқатар жаңашылдығы
ОСК: Саяси науқанның бірқатар жаңашылдығы

ОСК: Саяси науқанның бірқатар жаңашылдығы

«Республика» партиясы еліміздің барлық өңіріндегі мәслихат сайлауына қатысады. Ал «Байтақ» әзірге 15 өңірдің мандатынан ғана үмітті. Кандидаттарды тіркеу 8 ақпанда аяқталатындықтан, партияның әлі он күннен астам уақыты бар. ОСК бүгін өткен жиында наурызға белгіленген саяси науқанның бірқатар жаңашылдығын атады.

Сайлау жақындаған сайын жұмысы қыза түсетін Орталық сайлау комиссиясы бүгін тағы бірқатар мәселені пысықтады. Негізгісі – мәслихат пен Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттардың жауапкершілігі. Иә, партия атынан парламентке немесе мәслихаттыққа үміткерлер 5-тен 15 ке дейінгі ең төменгі жалақы мөлшерінде қаражат құяды. Ол шамамен 350 мыңнан бастап 1 миллион 50 мың теңгеге дейін. Ал өткен сайлауда бес пайыздан артық дауыс жинаған партиялар сайлау жарнасынан босатылған.

Сәбила Мұстафина, ОСК мүшесі:

Егер сайлаушылардың кемінде 5 пайызы кандидатқа дауыс берсе, сондайақ, сол әлеуетті сайланған адам қайтыс болған жағдайда ғана бұл ақша өзіне қайтарылады. Ал басқа жағдайда енгізілген жарна қайтаруға жатпайды және ол республикалық бюджетке түседі.

Осыған дейін жаңа тіркелген «Байтақ» және "Республика" партиялары мәслихат сайлауына қатыспайды деген шектеу болған. «Республика» партиясы еліміздің 19 өңірін түгел филиалмен қамтып үлгеріпті. Ал «Байтақ» әзірге тек 15 аймақтың мандатынан үмітті.

Нұрлан Әбдіров, ОСК төрағасы:

Осымен сайлауға қатысуға жіберу туралы бұдан бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, естеріңізде болса, үш өңірге рұқсат бергенбіз. Сонымен «Байтақ» партиясы республиканың 15 өңіріндегі партия тізімімен сайланатын мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына бүгін жіберілді.

«Сайлау туралы» конституциялық заңда саяси партиялардың кандидаттар тізімінде әйелдер мен жастар болуы керек деген талап бар еді. Енді оның  қатарына тағы бір санат қосылды – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Яғни осы аталған үш санат үміткерлердің 30 пайызын қамтуы керек деді Нұрлан Әбдіров.

Нұрлан Әбдіров, ОСК төрағасы:

- Бұл өзгеріс алғаш рет ағымдағы науқанда қолданылады. Сонымен қатар бұл норма депутат мандатын бөлу кезінде де қолданылады. Үш санаттағы өкілдердің саны жиынтығы бойынша партиялық депутат мандатын алғандардың жалпы санының кемі 30 пайызын құрауға тиіс. Тиісті сайлау рәсімін жүргізуде сайлау заңнамасының осы нормаларын қатаң сақталуына назар аударамын.

Орталық сайлау комиссиясының саяси науқан аяқталғаннан кейін немен айналысатыны туралы да айтылды. Константин Петров: «Біз ешқашан жұмыссыз отырған емеспіз. Президент пен парламент сайлауынан кейін тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы аудан әкімдерін сайлауымен айналысамыз» - деп жауап берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде