Студенттерден ақша талап еткен оқытушы ұсталды – Тараз
Таразда емтиханнан өту үшін студенттерден ақша талап еткен оқытушы ұсталды. Аймақтағы ең ірі білім ошағының мұғалімі бір шәкірттің кедергісіз емтихан тапсыруын 50 мың теңгеге бағалған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
27.01.2023
Полицейлер ұстазды ұстау үшін тіпті арнайы операция ұйымдастырыпты. Ол өз кабинетінде 200 мың теңге алып жатқан жерінен құрықталған. 46 жастағы аға оқытушы 4-курс студенттерін тәжрибелік сабақтар мен емтиханнан кедергісіз өту үшін әр қайысысынан 50 мың теңгеден талап еткен. Енді білдей университеттің абыройына нұқсан келтірген мұғалім 3 жылдан 7 жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп қана қоймай, жымқырылған қаражатты еселеп қайтару міндеттеледі.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Аталған дерекпен ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!