{metadescription}
Көкөзекте иттер қорадағы малды қырып жатыр – Алматы облысы
Көкөзекте иттер қорадағы малды қырып жатыр – Алматы облысы

Көкөзекте иттер қорадағы малды қырып жатыр – Алматы облысы

«Бүгін малға шапса, ертең адамға бас салмай ма?» Алматы облысы, Көкөзек ауылының тұрғындары үреймен күн кешуде. Жақында бұралқы иттер қорадағы қойларын жайратып кеткен. Ата-аналар баласын мектепке жаяу жіберуге қорқады. Сорақысы, көп иттің иесі болғанмен, бақылаусыз босатып жібереді.

Бүтін бір ауылды дүрліктірген иттермен әкімдік қалай күресіп жатыр?

Таңғы сағат алты. Иттер қырып кетіпті. Кепе қозы еді сыртқа сүйреп шыққан. Қораның іші. Қойды қырған қасқыр ма дерсің. Бұралқы иттер түн ортасында қораға кіріп, алдынан шыққанын да, төрт қабырғаны айналып қашқанын да қанжоса етіп жұлмалаған. Түннен тек үшеуі аман қалған.

Көкөзекте топтасып кезіп жүрген иттерге көпшіліктің көзі үйренген. Жүргеніне ешкім бас ауыртпас та еді. Алайда қорадағы соңғы  сойқаннан соң, балаларын далаға жіберуден қалған.

Меруерт Өсер, Көкөзек ауылының тұрғыны:

- Иттер деген көп бізде. Балаларды қуалап, тіпті қауып алған кезде иесіне айттық, ештеңе, ешқандай шара қолданбады. Әкімдікке де хабарладық. Иесі бары да бар, жоғы да бар, бар үйдің де иті бос жүреді.

Абылай Байырбаев, Көкөзек ауылының тұрғыны:

- 15-20 шақты ит жүреді. Оны ұстап жатқан адамды көрген жоқпыз. Бұрын, мысалы, Алматыда көріп тұратынбыз, темірмен аулап жүретін. Бізде ондайды көрген емеспін.

«Ит ауланбайды» деген әңгімеге қарсы шыққан тұрғын да табылды. Кеше 56-сын алып кетті деп, өзгелердің аузын аңқитты. Таң қалмайын десе, осы тұрғандардың ешқайсысы көшесіндегі бұралқы итті ұстағанын көрмеген.

- Осындай бір адамдарды жібереді, «әкімдіктен істеп жатыр», «жұмыс істеп жатыр» деп айтқызып қояды. Болды, сонымен жүреді.

- Сонда сіз ғана көріп, қалған ауылдың адамдары көрмеген бе?

- Мен мешіттің артында тұрамын, бұл ауылға қатысым жоқ, көзбояушылық емес, өтірік айтпаңыздар, Құдайдан қорқыңыздар, өтірік айтуға.

- Бұл ауылға қатысыңыз болмаса, нағып тұрсыз?

«Көрдік», «көрмедік» деп тұрғындар қырықпышақ болған сұрақтың ресми жауабын жергілікті әкімдік берді. Малға шабуыл болды деген күні ветеринария мамандары 19 итті аулапты. Қалғанын тұрғындардан арыз түскен жағдайда ғана ұстаймыз дейді.

Біржан Махатов, Елтай ауыл округінің әкімі:

- Әр адам келеді де, бізге арыз жазады, өтініш береді. Сосын біз оны аудандық ветстанцияға жібереміз. Сол шағыммен біздің аудандық ветеринария станциясының ит аулаушылары келеді. Бір көлікпен. Кеше келді, 19-ы тағы келді. Бірақ келешекте осы жұмыс ары қарай жүргізіледі.

Қолға түскен иттің иесі үш күннің ішінде табылмаса, көзін құртады. Көкөзектіктердің көзіне сүйел болған бұралқы жануардың бүгін-ертең азаймасы анық. Сенімді серікке теліген ит екеш иттің өзінен сенім кеткені – қайткені деген тұрғындардың сақтық шарасын сақтаудан басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде