{metadescription}
Банкрот деп тану үшін отбасы мүшелерінің мүлкі болмауы керек
Банкрот деп тану үшін отбасы мүшелерінің мүлкі болмауы керек

Банкрот деп тану үшін отбасы мүшелерінің мүлкі болмауы керек

Банкрот деп тану үшін отбасы мүшелерінің мүлкі болмауы керек. Қаржы министрінің орынбасары бүгін арнайы брифингте осылай деді. Соған қарағанда қарыз қамытын кигендердің микрокредит пен несиеден құтыла қоюы оңайға түспейтін секілді.

«Банкроттыққа өтініш берген азаматтың жеке басынан бөлек, жанұя мүшелерінің мүлкі де, табысы да ескеріледі», - дейді Ержан Біржанов. Яғни банкроттық процедурасы кезінде әр өтініш иесі туралы жан-жақты мағлұмат жиналады. Егер де оның жалған ақпарат ұсынғаны немесе өз мүлкін отбасы мүшесіне аударғаны анықталса, әлгі азамат бұл процедурадан өтпейді. Мәселен, әйелінің автокөлігі бола тұра, күйеуі банкроттыққа өтініш берсе, ол төлемге қабілетті болып есептеледі. Сәйкесінше, оның өтініші мақұлданбайды. Сондай-ақ кей мемлекеттерде банкрот деп танылған азаматтардың елден шығуына тыйым салынған. «Ал Қазақстан азаматтарына шекарадан асуға еш кедергі жоқ», - дейді қаржы министрінің орынбасары. 

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Банкроттық бойынша сотқа жүгінген кезде процедура алты ай қаралатын болса, осы аралықта шетелге шығуға шектеу қойылады. Себебі, өтінішті қарау мерзімі созылып кетуі мүмкін. Азамат сотқа жүгініп, шетелге шығып кетсе, процедура тоқтап қалады. Сондықтан нақты шешім қабылданға дейін шектеу қойылады. Шешім шыққаннан кейін елден шығуға шектеу жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде