{metadescription}
Ирандағы жарылыс пен жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ
Ирандағы жарылыс пен жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ

Ирандағы жарылыс пен жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ

Ирандағы жойқын жарылыстар мен жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бүгін Әзірбайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылына қатысты да пікір білдірді.

Айбек Смадияровтың сөзінше, бұл бір ғана жағдай. «Егер елшілік ғимараттарының бірінен соң біріне оқ атылған жағдайда басқаша болар еді» -  дейді ол. Ал әзірге Қазақстанның Ирандағы елшілігінде қауіпсіздік шарасы күшейтілмеген. Мекеме штат режимінде жұмыс істеп тұр.

Өткен демалыс күндері Ирандағы әскери нысандарда бірнеше жойқын жарылыс болып, дәл сол күні елдің солтүстік-батыс аймақтарында 5-6 балл жер сілкінісі тіркелген. Зардап шеккендер саны 500-ден асқан. Ал қайтыс болғандар туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Иран билігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ. Біздің елшілігімізге де ондай ақпарат түскен жоқ. Бұл сериялық шабуыл емес. Сондықтан Қазақстанның Ирандағы елшілігінің қауіпсіздік шарасын күшейтуге негіз жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.