{metadescription}
Президент Астананы дамытуда бірқатар тапсырма берді
Президент Астананы дамытуда бірқатар тапсырма берді

Президент Астананы дамытуда бірқатар тапсырма берді

Бас қаладағы тас жолдардың сапасы сын көтермейді. Елорданы дамыту туралы кеңес отырысында мемлекет басшысы жыл сайын жөнделгенмен, бүтінделмейтін асфальттың мәселесін біржақты қылуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Қаладағы жолдардың жайкүйі де мәз емес. Мысалы, кейбір көше жыл сайын жөнделеді. Бірақ көктем шыққанда жол сапасы сын көтермейді. Ал кейбірі мүлдем қараусыз қалған. Бұл жол салу және жөндеу дұрыс жүргізілмейді деген сөз. Бұл мәселені Үкімет мен әкімдік арнайы қарауы керек. Қажет болса, мердігерлерді ауыстыруға тиіс.

Сол тас жолмен жолаушыларды діттеген жеріне жеткізетін қоғамдық көлік мәселесі де түбегейлі шешілмеген. Мемлекет басшысы қалада адам көп жүретін бағыттарға автобустың жиі қатынауын тапсырғанымен, нәтижесі көңіл көншітпейді. Себебі тұрғындар әлі күнге дейін қоғамдық көлікті аялдамада сағаттап күтуге мәжбүр. Әрі лық толы автобусқа сыймай жататыны тағы бар. Мұның себебі түсінікті. Бас қалаға қазірдің өзінде

400-ден астам автобус жетіспейді. Егер бұлай жалғаса берсе, бес жылда тапшылық екі есе артуы мүмкін дейді президент.  400 аялдамада тіпті автобус тоқтайтын арнайы орын қарастырылмаған. Шапағаты түгілі, халқымыз түрін көрмеген қоғамдық көліктің бір түрі – ЛРТ.

Қасым-Жомарт Тоқаев оның баламасы жоқ екенін айтып жұмысты тезірек тәмамдауды тапсырды. Таңертең ғана Үкімет қабырғасында елордының экс-әкімі, қазіргі вице-премьер Алтай Көлгінов атышулы құрылыстың жанданғанын айтқан. Көпшілік көзге «жемқорлық ескерткіші» аталып кеткен тас бағаналардың маңайындағы құрылыс байқалмайды. Дегенмен Көлгінов мұны қыста жұмыс қарқыны бәсеңдейді деп түсіндірді.

Алтай Көлгінов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- LRT менің құзіретімдегі шаруа емес. Бұл әкімдіктің мәселесі. Мен бұған жауапты болғанда, осы мәселеге қатысты бірнеше рет айтқанмын. 2022 жылдың қорытындысы бойынша біз құрылысты қайта бастадық. 50 млрд теңге бөлініп, жұмыс басталып кетті. Әкімдік жұмысты жалғастырып жатыр. Қытай консорциумына қарыздар болды. Олардың бір бөлігі жабылды. Бұл жобаны аяқтау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.