Екібастұз бен Риддерде жылу ақысы қымбаттайды
Екібастұз бен Риддерде жылу ақысы қымбаттайды. Өйткені осы екі қаладағы жылу жүйесі әбден тозған. Сондықтан коммуналдық төлемнің өскенін де бұл өңірлердің тұрғындары көбірек сезінеді деді бүгін ұлттық экономика министрі.
Автор: Елдос Есенбол
31.01.2023
Жылу, су немесе электр ақысының қымбаттауы халыққа қызмет көрсететін орындардың жағдайына байланысты. Мысалы, Екібастұз жылу электр орталығы тарифті бірден 107 пайызға көтеруді сұрапты. Бірақ Үкімет бұның мүмкін емес екенін айтып бетін қайтарған. Өйткені жеке мекеменің иесі де меншігіндегі нысанға қаражат құюы керек.
Екібастұз бен Риддерде ғана емес, елдің басқа да өңірлерінде жылу ақысы өседі. Шамамен 10-25 пайыз аралығында.
Ал биыл қақаған қыста жылу жүйесі сыр беріп, бүрсеңдеп тоңған қос қаланың тұрғындары тарифтің өскенін көктемде байқайды дейді министр Қуантыров.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Екібастұз бен Риддерде өсімді баяу жүргізгіміз келеді. Мысалы, жылудың жаңа тарифін бұл қалалалардың тұрғындары наурызда сезінеді. Сәуірде наурыз айының түбіртегі келеді. Ол кезде күн жылына бастаған соң, жылу аз тұтынылады. Осылайша олар тарифтің өскенін наурыз бен сәуірдің жартысында ғана сезінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!