Ермұхамет Ертісбаев: Қазір жеке басымда және партиямызда жау көп
Бүгін Қазақстан халық партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттарын тіркеп, құжат тапсырды. Саяси ұйымның атынан төменгі палатаға 52 азамат үмітті.
Автор: Елдос Есенбол
01.02.2023
Тізімде алты ұлттың өкілі бар. Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев тек жеңістен ғана дәмелі. Бұған дейін тіпті өз орнын партияласына босатып беруге әзір екенін айтқан. Ал Қазақстан халық партиясынан шығып, өзге ұйымнан мәжіліске енгісі келетіндердің әрекетін ол «масқара» деп бағалады.
Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстан халық партиясының төрағасы:
- Қазір жеке басымда және партиямызда жау көп. Бізге үнемі шабуыл жасалады, мен де басты назардамын. Бұл, демек, опасыздар бар деген сөз. Олар біздің қатардан шығып, басқа партияның атынан тағы да парламентке барғысы келеді. Масқара! Біздің партияға шабуыл жасалып жатыр. Маған екі рет ескерту берілді. Қазір даулассам, бізді сайлаудан алып тастауы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары