Қарағандыдағы халықаралық әуежай жауапқа тартылды
Қарағандыдағы «Сарыарқа» халықаралық әуежайы керосин бағасын негізсіз көтергені үшін жауапқа тартылды. Заңсыз пайда тапқан әуежай сот шешімімен монополиялық табыс пен айыппұлды қосқанда, мемлекетке 80 миллион теңге қайтарды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
01.02.2023
Әуежай мұндай қитұрқы әрекетке 2018- 2019 жыл аралығында барған. Олар керосин бағасын өз еркінше құбылтқан. Яғни халықаралық рейстер үшін оның бағасын арзандатқан. Болжам бойынша, бұл әуежайға шетелдік ұшақтардың қонуын жиілету үшін жасалған көрінеді. Ал оған кеткен шығынды толтыру үшін ішкі жүк тасымалымен айналысатын рейстерге отын бағысын шарықтатып жіберіпті. Тексеріс кезінде осы арқылы әуежай 50 миллион теңге табыс тапқан. Сот шешімімен олардың осы пайдасы мен үстіне 30 миллион теңге айыппұл қосылып, бас-аяғы 80 миллион теңге мемлекетке қайтарылды.
Таңшолпан Жаңабаева, Қарағанды облысы бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы:
- «Сарыарқа» әуежайы отын бағасын 13 пайызға арттырған. Яғни олардың отынды сатып алған бағасы мен сатқан бағаның аййырмасы едәуір. Ал содан түскен пайданы компанияны дамытуға жұмсадық деген уәжіне еш дәлел келтіре алмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!