{metadescription}
Қоғамдық көліктің жолақысы арзандады – Қарағанды
Қоғамдық көліктің жолақысы арзандады – Қарағанды

Қоғамдық көліктің жолақысы арзандады – Қарағанды

Қарағандыда жолақы арзандады. Қоғамдық көлікте жүру құны бұрын 170 теңге болса, бүгіннен бастап 80 теңге төлейді. Бірақ бұл жеңілдік тек «Оңай» картасы барларға арналған. 

Татьяна Коханова, Қарағанды тұрғыны:

- Бүгін бір мереке сияқты болып тұр. Айналамыздың бәрі қымбатшылық, ал жол жүру ақысы кенет арзандады. Қызық. Осы жақсылығымыз ұзағынан болса екен деп тілеймін. Бұл өзгеріс жолаушылар тасымалының сапасына кері әсер етпейді деген үміттемін.

Аяқ астынан жолақының арзандағанына жолаушылар риза. Күдікпен қарайтыны да бар. Бастама жақсы болғанымен, оның арты сапаға әсер ептей ме деп алаңдайды. Бірақ Қарағанды билігі алаңдауға негіз жоқ дейді. Біріншіден, жолаушылар тасымалына электронды төлем жүйесі енгізілді. Жолаушылар жаппай «Оңай» картасына көшсе, тасымалдаушылардың кірісі ашық болады екен. Екіншіден, тасымалдаушыларға бюджеттен субсидия төленеді. Алайда шенеуніктер автопарктерге қазынадан қанша қаражат бөлінгенін айтудан бас тартты. Әзірге «Оңайдың» оңтайлы екенін айтумен ғана шектеліп отыр. 

Арғынғазы Қуанышев, Қарағанды облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

- Электронды төлем жүйесін енгізу жолаушылар ағынын бақылауға, осы жолаушылар тасымалдау саласын жүйелендіруге мол әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Бұрын жолаушылар ағынын тасымалдаушылардың есебінен ғана білсек, енді жолаушылардың нақты саны біздің көз алдымызда болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.