{metadescription}
Ақтаулық Ильдар Ягьяев екінші рет Гиннесс рекордтар кітабына енді
Ақтаулық Ильдар Ягьяев екінші рет Гиннесс рекордтар кітабына енді

Ақтаулық Ильдар Ягьяев екінші рет Гиннесс рекордтар кітабына енді

Ақтаулық Ильдар Ягьяев екінші рет Гиннесс рекордтар кітабына енді. Ол салмағы 35 келі зілтемірді беліне байлап, белтемірге тартылды.

Стритлифтинг және воркаут спорт түрінен жеті дүркін әлем чемпионы жаңа рекордты Startup fest спорт фестивалінің финалына дайындық барысында жасаған. Бұған дейін мұндай рекордты 34,4 келі салмақпен испан спортшысы орнатқан. Отандасымызға Гиннесс рекордтар кітабына енді деген сертификат Лонданнан беріледі. Ильдар бұған дейін де Гиннесс кітабына енген болатын.

Ильдар Ягьяев, спортшы:

- 35 келі ауыр темірді беліме байлап, зілтемірге тартылып рекорд орнаттым. Бұл видеоны Ақтауда түсірдік. Содан соң оны Лондонға жібердік. Осылайша мені Гиннесс рекордтар кітабына енгізді. Мен осындай жетістігім арқылы жастарды спортқа тартқым келеді. Дені сау ұрпақ ел болашағы. Біз стритлифтинг және воркаут спорт түрінен арнайы чемпионат ұйымдастырамыз. Ондағы жүлде қоры қомақты. Барлық жастарды спортпен айналысуға шақырамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде