{metadescription}
Түркістан облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Түркістан облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Түркістан облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Түркістан облысындағы тасқыннан зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Бүгін қызыл су басқан өңірге барған төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай деді. Қазір күнгейде төрт аудандағы 234 ауланы сел шайған.

Суға кеткен ірі-қараның саны да анықталды. Шенеуніктер шығынның бәрі міндетті түрде өтеледі деп отыр. Ол үшін арнайы комиссия да құрылды. Ең қиыны, Түркістан облысын талқандаған тасқын Қызылордада қайталануы мүмкін. Себебі жауын-шашын көбейсе, Шардараның суын Сырдарияға ағызамыз дейді шенеуніктер.

Кеше ғана тасқын жүрген ауылдар бүгін қалыпты тіршілікке қайта орала бастады. Су басқан 234 аулада құрғату жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қызыл судың жолын жабу үшін бөгендер салынып жатыр. Ал сел жүргенде үдере көшкен тұрғындар үйіне қайтып, малмандай болған дүние-мүлкінің кәдеге жарамдысын түгендеп жатыр.

Анар Ғайыпова, Сауран ауданының тұрғыны:

- Көміріміз ағып кетті. Шөбімізді де, малдарды да көлікке тиеп арғы ауылға әкетті. Балалар да жоқ. Білмеймін, өкіметтен көмек бола ма, болмай ма? Екі күн болды, үйді су асып қала ма деп, ұйқы жоқ.

Арыс, Сауран мен Бәйдібек аудандарында су сору жұмысы әлі  жүргізіліп жатыр. Бәйдібек ауданында 36 ірі қара суға кеткен. 800-ге жуық мал әлі қауіпсіз жерде тұр. Кеше тасқынның астында қалған төрт ауданда қауіп сейілгенімен, енді таулы аймақтардағы аудандарға қауіп төнуі мүмкін дейді құтқарушылар.

Бақытжан Запаров, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Облыс аумағында әлі қауіп бар деп есептейміз. Себебі, таулы аймақтарда, Төлеби ауданында, Қазығұрт ауданында әлі қар жатыр. Жаңбыр жауса, төтенше жағдай орнауы мүмкін.

Төтенше жағдай қазір су басқан кей ауылдарда да жариялануы мүмкін. Бұл туралы тасқын болған өңірге арнайы келген төтенше жағдай министрі Юрий Ильин айтты. Бұл қызыл су астындағы ауыл тұрғындарына бюджеттен көмек берілуі үшін қажет екен. Десе де министр «қауіп сейілді» деп, қарап отыруға болмайтынын айтты. Өйткені көрші Өзбекстанда жауын-шашын көбейсе, зардабын тағы тартамыз деп отыр.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Шардара су қоймасын былтырмен салыстырғанда, миллиард текшеметрге су көп. Жалпы сыйымдылығы 5,2 миллиард болса, қазірдің өзінде қоймада 4 жарым миллиард текше метр су бар. Егер жауыншашын болса, Шардараның суын Сырдарияға ағызуға мәжбүр боламыз. Яғни көрші Қызылорда облысына да қауіп төнуі мүмкін.

Қауіпті азайту үшін қазір Өзбекстан тарапы артық суды Арнасай жазығына ағызып жатыр екен. Ал Түркістан облысында жергілікті маңызы бар 11 жол әлі жабық тұр. Оны су шайып кеткен. Сондықтан полицейлер уақытша бекеттер қойып, қауіпсіздікті күзетуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.