{metadescription}
Сауалнама: 19 наурызда сайлауға барасыз ба?
Сауалнама: 19 наурызда сайлауға барасыз ба?

Сауалнама: 19 наурызда сайлауға барасыз ба?

Халық сайлаған әрбір депутат елдің ертеңі үшін елеулі үлес қосуы тиіс. Біз жүргізген сауалнамада отандастырымыздың басым бөлігі 19 наурызда өтетін саяси додадан қалыс қалмайтынын жеткізді. Мәжіліс және мәслихат депутттарын сайлау әрбір азаматтың борышы деген бұқара қандай өзгеріс күтеді?

- Әрбір сайланған депутат ол біздің ертеңгі  болашағымызды түзейтін, біздің халықтың үндеуін сол  үкіметке жеткізетін тұлға ғой. Сондықтан да барған дұрыс деп ойлаймын. Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті деп ойлаймын. Өзім ешқашан сайлаудан қалған емеспін. Әр уақытта президентті сайлау болсын, депутатты сайлау болсын, міндетті түрде қатысамын.

- Бұл біздің құқығымыз ғой. Өзіміздің болашағымызды таңдау. Сондықтан міндетті түрде бару керек.

- Дамушы ел мен дамыған елдердің айырмасы не деген кезде, дамыған елдің әр азаматы «мен осы елге өз үлесімді қосамын, мен осы елдің азаматымын» деген жауапкершілік бар. Егер біз дамимыз десек, онда сайлауға міндетті түрде баруымыз керек, үлесімізді қосуымыз керек.

- «Новый штат» дейді ғой, жаңа адамдар келеді. Жаңа Қазақстан. Жаңа реформалар жүргізеді деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде