{metadescription}
«Байтақ»: «Басты артықшылығымыз – жемқорлықпен былғанбадық»
«Байтақ»: «Басты артықшылығымыз – жемқорлықпен былғанбадық»

«Байтақ»: «Басты артықшылығымыз – жемқорлықпен былғанбадық»

«Мақсатымыз мансап емес, қоршаған ортаны қорғау!» Осылай деген «Байтақ» жасылдар партиясы бүгін елордада бас қосты. Құрылтай өткізіп, наурыздағы саяси науқанда сенім артатын лайықтыларын таңдады. Төраға Азамат Әміртайдың айтуынша «Байтақ» табан астында құрыла салған кездейсоқ партия емес.

Азамат Әміртай, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:

Әрине, біз осы партияны құру үшін жеті жылдай қозғалыс болып жұмыс істедік. Барлық мүдделес, халықтың арасындағы мүдделес адамдардың бәрін жинап, солармен бірігіп партия құрып отырмыз. Қоршаған ортаға алаңдап жүрген адамдар, белсенділер мәслихат депутаты, мәжіліс депутаты болса екен дейміз.

Ол үшін жасылдардың кандидаттары да дайын екен. Табиғат жанашырлары төменгі палатаға 18 мүшесін ұсынып көрмек. Және «Байтақ» партиясының атынан 4 азамат мажоритарлы жүйемен сайлауға қатысуға бел буған. Ал әр өңірдегі жергілікті мәслихат депутаты болуға 160 мүшесі ниетті. Себебі жасылдар әр өңірден филиалын ашып. сақадай-сай дайын отыр. Кеше ғана орталық сайлау комиссиясы «Байтақ» партиясының барлық өңірдегі мәслихат сайлауына қатыса алатынын хабарлаған. Мұнда өзге саяси ұйымдардағыдай төраға партиялық тізімнің басында тұрған жоқ. Азамат Әміртай  өзін мәжіліс депутаттығына  ұсыныпты. Мажоритарлы жүйемен додаға түсетіндердің арасында белгілі саясаттанушы Қазбек Майгелдинов те бар. «Біздің басты артықшылығымыз – жемқорлықпен былғанбағанымыз» - дейді «Байтақ» партиясының мүшелері.

Шыңғыс Лепсібаев, «Байтақ» жасылдар партиясының жасыл экономика жөніндегі хатшысы:

- 20-30% оптимистік көзқараспен қарайтын болсақ, сайлау нәтижесінде 20-30 пайыз дауыс жинаймыз деп ойлаймын. Бірақ мынаны ескеру керек. Өзге партиялар кемі 10 жыл бұрын құрылған. Ал біз нәбәрі екі айдың ішінде 20 аймақта филиал аштық. Яғни бұл жерде теңсіздік бар. Біздің ең басты артықшылығымыз – жемқорлық дауына ілікпегеніміз, олихархтық келісім жасамағанымыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.