{metadescription}
Күйеуін өлтіріп сотталған әйел түрмеден ақталып шықты
Күйеуін өлтіріп сотталған әйел түрмеден ақталып шықты

Күйеуін өлтіріп сотталған әйел түрмеден ақталып шықты

Алты айдан кейін абақтыдан босатылды. Таразда күйеуін өлтіріп сегіз жылға сотталған әйел ақталып шықты. Ол жолдасынан өзін қорғаймын деп, оны өлтіріп алғаны дәлелденген.

Екі ай бұрын 43 жастағы үш баланың анасы «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен сегіз жылға түрмеге жабылған. Сотталушы қайта апелляциялық шағым түсірген. Басқа баппен істі қайта саралаған сот алқасы айыпталушының қорғану кезінде абайсызда жолдасын жазым қылғанын анықтаған. Сөйтіп оған бір жыл жаза тағайындаған. Тергеу қапасында алты  ай отырған әйелдің бір күні екі күнге есептеліп, ол бостандыққа шығып отыр.

Қайғылы жағдай алты ай бұрын болған. Үш баланың анасы отбасында жанжал кезінде азаматтық некедегі күйеуіне пышақ сұғып алған. Бүйрек тұсынан жарақат алған 47 жастағы азамат ауруханаға жетіп көз жұмған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде