Қазақстан ең әдемі мемлекеттер ондығына еніпті
Демалуға қолайлы Қазақстан. Саяхат туралы жазатын шетелдік белгілі сайт елімізді ең әдемі мемлекеттердің ондығына енгізген. Олар әсіресе Шарын шатқалына баруды ұсыныпты.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
03.02.2023
Расында да, еліміз егемендік алғалы бері туристік аймақтарымыз айтарлықтай дамып келеді. АҚШ-тағы Үлкен шатқалға әдемілігі жағынан бәсекелес болған Шарын шатқалынан бөлек, Қатон-Қарағай, Қайыңды көлі, сондай-ақ Қазақстанның Швейцариясы атанған Бурабай да бар. Бұл жерлерге қаланың қауырт қарбаласынан демалу үшін таза ауа жұтып, сұлу табиғатқа тамсануға еліміздің түкпір-түкпірінен келетін отандастарымыздан бөлек, шетелдік туристер де бар. Олардың саны жылдан-жылға тоқсаусыз артып отыр. Соңғы жылдары туризм бойынша әртүрлі халықаралық рейтингте Қазақстан үнемі ондыққа немесе бестікке кіріп келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!