{metadescription}
SOS: Арбадағы қызы мен күйеуін арқалаған ана далада қалды
SOS: Арбадағы қызы мен күйеуін арқалаған ана далада қалды

SOS: Арбадағы қызы мен күйеуін арқалаған ана далада қалды

Жұбайы Паркинсон дертіне шалдығып, қызы церебралды паралич болған ана халықтан көмек сұрайды. Жалдап тұратын пәтер иесі баспананы босатуын сұрапты. Шарасыз күйдегі ана айықпас дертке душар болып, өздігінен жүре алмайтын жақындарымен далада қалайын деп тұр. Екі мүгедегі бар отбасына ешкім пәтерін тіпті жалға да бергісі келмейді екен.

Мәрия Омарова, Аружанның анасы:

Өзімнің де денсаулығым жоқ. Қант, қан қысымы. Бспанаға мұқтажбын. Өйткені екеуімен ешкім алмайды. Екеуі де ауру, ертең жүре алмағаннан кейін үйіміз сасиды, дәрет сасып кетеді деген себеппен алмайды.

Мәрия әжейдің қызы Аружан туылғаннан ДЦП. Арбаға таңылған 23 жастағы қыз жетілуіне қарасаң 7-8 жасар баладай. Ал отағасы осыдан 10 шақты жыл бұрын жол апатына түсіп, Паркинсон кеселіне шалдығыпты. Екеуі де өздігінен жүре алмайды. Сол уақыттан бері баласын арбаға отырғызып сүйресе, күйеуін арқасына салып көтеріп жүр. 1-топтағы мүгедектігі үшін екеуіне ай сайын түсетін жәрдемақысы 150 мың теңгеден сәл асады. Бұл қаражат тек пәтердің жалдау ақысы мен дәрі-дәрімекке кетеді. Одан аз-маз қалған тиын-тебенді үнемдеп, осылайша жансақтап отыр.

Бүгін Мәрия әжейдің ет жақындары мен мейірімді жандар бірігіп, мешітте тегін су таратты. Кейбір адамдар қолдан келгенше ақшалай көмек берді. Осы уақытқа дейін халықтың арқасында 1 миллион теңге жиналыпты. Алайда бұл қаражат әлі де бір бөлмелі болсын, әтеуір бір баспанаға жетпей отыр. Ал мүгедек ретінде Алматыда баспана кезегіне де тұрған. Бірақ 10 шақты жылдан бері кезегі жылжымапты.

Әсел Көгілова, Аружанның жеңгесі:

- 2014 жылы үйге кезекке қайта тұрды. Үй кезегін менің бақылап келе жатқаныма үш жылдай уақыт болды. Төрт мыңға дейін жақсы жылжып, кейін жәйлап жылжып келе жатқан болатын. Енді, міне, үш  жыл уақыт аралығында сол 1156 ма, сондай болып тұр. Кезек жылжымайды. Не ары, не бері жүрмейді. Бірақ бұл кісілердің артында тұрған адамдар, танысы бар адамдар шығар, мүмкін ипотека мен «Бақытты отбасы» бағдарламасымен алып кетіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде