{metadescription}
Саясаттанушы С. Көшкімбаевтың авторлық еңбегі жарық көрді
Саясаттанушы С. Көшкімбаевтың авторлық еңбегі жарық көрді

Саясаттанушы С. Көшкімбаевтың авторлық еңбегі жарық көрді

Орталық Азия елдерінің өткені мен бүгіні, 30 жылдағы даму жолының соқпақтары. Осындай мазмұнда саясаттанушы Санат Көшкімбаевтың авторлық еңбегі жарық көрді. Кітаптың тұсаукесері Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының құрылғанына 30 жыл толуына орай өткізілді.

«Өткен мен болашақтағы сын-қатерлер арасындағы Қазақстан мен Орталық Азия». Осындай атпен жарық көрген туынды автордың бір күндік емес, көп жылғы еңбегінің жемісі. Негізінен онда Орталық Азиядағы елдердің мемлекет болып қалыптасу жолындағы түрлі қалтарыстары баяндалған. Сондай-ақ үлкен халықаралық саясаттың назары және Шығыс, Оңтүстік Азия мен Батыс арасындағы көпір рөлінде сипатталған. Санат Көшкімбаевтың ғылыми зерттеулерімен қатар, саяси пайымдары да бар топтамада.

Жалпы бұл автордың ауқымды тиражда шыққан екінші кітабы. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары үшін Орталық Азия елдері басымдыққа ие екенін атап өткен жөн. Мамандар көршілес елдердегі әріптестерімен жиі сессия ұйымдастырып, тәжірибе алмасып тұрады.

Санат Көшкімбаев, саясаттану ғылымының докторы:

Қазір талқыланып жатқан, күн тәртібінен түспей отырған көптеген мәселе 90 жылдары да айтылған. Меніңше, осыны естен шығармаған жөн. Осы кітапта 1990-2000 жылдарда Орталық Азия елдерінің

- Бетпе-бет келген проблемаларына жасалған талдау алдағы уақытта ғалымдар мен зерттеушілерге пайдалы болмақ. Бізді өткенмен байланыстыратын да осы. Ал шешілмеген проблемалар ешқайда жоғалып кеткен жоқ. Олар трансформацияланып, басқаша сипатта кейін өзекті болуы әбден мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде