Жамбыл облысында сел жүріп, бірнеше ауданда тасқын болған
Жамбыл облысында қызыл судан келер қауіп сейілді. Екі күн бойы сел жүріп, бірнеше ауданда тасқын болған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
06.02.2023
Сел Меркі, Сарысу, Рысқұлов және Шу ауданының жұртын сергелдеңге салды. Күннің күрт жылынуынан қар жаппай еріп қызыл су жайылған. Оның үстіне тоқтаусыз жауған жаңбыр қауіпті күшейте түсті. Үйлерді шайып кете меп алаңдаған бұқара жүктерін мен құжаттарын буып-түйіп көшуге дайын отырған. Құтқарушылардың мәліметінше, 52 ауланы су басқанымен оның бәрі дер уағында арнайы техника көмегімен құрғатылды. Қатердің алдын алуға 500-ден аса адам жұмылдырылған. Оның арасында жергілікті халық та бар. Қазір күн суытып, қардың тез еруі тоқтапты. Бірақ алдағы күндері мұндай жағдай қайталануы мүмкін дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Мақсат Қосыбаев, Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- Ауа райы 410 ақпан аралығында күн осылай жылиды. Қар аралас жаңбыр күтілуде. Әлі де кейбір жерде орын алуы ықтимал. Сондықтан барлық жағдайға дайындалып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!