{metadescription}
Автоломбард атын жамылып ақтөбеліктерді алдап келген
Автоломбард атын жамылып ақтөбеліктерді алдап келген

Автоломбард атын жамылып ақтөбеліктерді алдап келген

Ақтөбеде автоломбард атын жамылып қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды. Күмәнді қаржы ұйымының өкілдері тоғыз ай бойы осы өңірдің тұрғындарын алдап келген.

Қаржы пирамидасын құрған қылмыстық топ мүшелерінің нақты санын тәртіп сақшылары айтпады. Тек олардың былтыр наурыздан бастап жұмыс істегені белгілі. Тұрғындардан алғашқыда автокөлікті қымбат бағаға қабылдап, оны нарық құнынан арзанға өткізіп отырған. Одан түскен ақшаны пирамидаға адам тартуға жұмсапты. Қызығып, күмәнді ұйым құрығына түскендер кейін көлігін ала алмай сан соғып қалған. Әзірге шығын көлемі 300 миллион теңге. Күдіктілер қамауға алынды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- Auto Seller ЖШС-нің заңды мекенжайында тінту барысында техника, заңсыз қызметке қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер және банк карталары тәркіленді. Сот шешімімен күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.