{metadescription}
Қаңғыған ит-мысықты аулап, піштіруге 140 миллион бөледі – Шымкент
Қаңғыған ит-мысықты аулап, піштіруге 140 миллион бөледі – Шымкент

Қаңғыған ит-мысықты аулап, піштіруге 140 миллион бөледі – Шымкент

Шымкентте қаңғыған ит-мысықты аулауға және стерилизация жасауға 140 миллион теңге ақша бөлмекші. Оның 84 миллионы төрт аяқты мақұлықтарды ұрықсыздандыруға жұмсалады.

Әбунасыр Жанбатыров, Шымкент ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы:

- 84 миллион, кастрацияға. Ит пен мысыққа 8400 бас дедім ғой. Оның кәдімгі басқа қаңғыбас жануарлардан айырмашылығы – құлағында чипі болады. Сол арқылы оның вакциналаудан өткенін, яғни стерилизация жасалғанына көз жеткізуге болады. Осы шаралардың бәрін атқару үшін осындай қаражат бөлінген.

Былтыр Шымкентте 40 мың қаңғыған ит-мысыұқ ауланса, биыл орта есеппен 20 мыңы ұсталмақ. Соның 8400-і «еркек екенін білдік» деген мамандар әрқайсын аулап, құтыруға қарсы екпе салып ұрықсыздандырады. Яғни әр мақұлықты стерилизациялауға бюджеттен 10 мың теңге қарастырылған. Ауланған жануарларды панажайға орналастырып, олардың адам мен қоршаға ортаға қауіпті емес еткен соң қайтадан еркіндікке жібермекші. Әзірге Шымкентте қаңғыған ит-мысық аулап, стерильдейтін компания әлі анықталған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.