Семейде қоғамдық көлік жүргізушілері наразылыққа шықты
Семейде қоғамдық көлік жүргізушілері жұмыс сағатының қысқарғанына қарсы шықты. Соның кесірінен ай сайын алатын жалақы азайып кеткен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
06.02.2023
Таңсәріден автобус жүргізушілері мен кондукторлар бағытқа шығудан жаппай бас тартты. Жиналған 50 қызметкер 2019 жылдан бері еңбекақы көк тиынға көбеймегеніне наразы. Олар күніне сегіз сағат емес, 12-16 сағат жұмыс істейтінін айтады. Тіпті кейбір жүргізушілер кондуктордың қызметін де қатар атқарады. Алайда алатын ақша мардымсыз. Өйткені жүргізушілерге сағатына мың теңге ғана төленеді. Ал автопарк басшылары жүргізушілердің жаппай наразылығынан кейін жалақыны көтереміз деп уәде берді.
Айжан Жұманова, Семей жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы:
- Бүгін таңертең "Семавтопарк" ЖШС және "АвтотрансСемей" ЖШС автобус парктері жүргізушілері бағытқа шығудан бас тартып, наразылық танытты. Негізгі мәселе жалақыны көтеру болды. Жалақы дауы шешімін тапты. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап еңбекақы 40 пайызға ұлғайтылатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!