Ақмола облысында балықшылар қар құрсауынан құтқарылды
Ақмола облысында Шолақ өзеніне барып қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды. Олар ауылдан ұзап кетіп, көліктерімен қайта кері шыға алмай қалған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
06.02.2023
Қорғалжын ауданындағы қыстақтарды тексеруге шыққан полицейлер алыстан қол бұлғаған адамдарды байқаған. Олар Шолақ өзенінен шыға алмай қалған балықшылар екен. Қалың қарға қарамастан, жеңіл көлікпен ауылдан ұзап кеткен. Омбы қарға батып қалған Audi көлігін шығара алмай әбден титықтаған үш балықшы балық аулауды да ұмытқан. Аяз қысып әбден тоңып қалыпты.
- Әсем Әбдікәрімова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі: - Үш азамат өз бетінше көлігін қар құрсауынан шығармақшы болған. Бірақ әбден тоңған балықшылар әлсіреп, күші жетпепті. Полицейлер қызметтік көлікпен сүйреп шығарып, жылы жерге жеткізді. Көліктің жанармайы да таусыла бастаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!