{metadescription}
Полицияға пара беретіндер саны үш есе өскен
Полицияға пара беретіндер саны үш есе өскен

Полицияға пара беретіндер саны үш есе өскен

Полицияға пара ұсынғандардың саны былтырмен салыстырғанда үш есе өскен. Тәртіп сақшыларына арнайы тексеріс басталғалы бері осылай хабарлайтындар көбейіпті. Яғни өзге емес, полицейлердің өзі шағымданады екен.

Ішкі істер органдары қызметкерлерін жұмыс адалдығына тексеретін пилот жоба бір ай бұрын басталған. Сынақтың тәсілі тым қарапайым. Полицейлердің өзі жұмыс формасын емес, қарапайым киім киіп тұрғын ретінде тәртіп сақшыларын тексереді. Ең қызығы, тәртіп сақшыларының бәрі мұндай сынақтың өтіп жатқанынан хабардар. Тексеріске алдымен халықпен күнделікті жұмыс істейтін патруль, учаске, жасөспірімдер мен көші-қон полиция қызметкерлері іліккен. Алдымен олардың халықпен қаншалықты мәдениетті түрде қарым-қатынас жасайтыны, тұрғындар өтінішіне шапшаң жауап беру қабілеті бақыланған. Әзірге бір айды қортындылаған ішкі істер министрлігі құқық бұзушылық емес, кемшіліктер ғана анықталды деп отыр. Егер пара алып жатқан жерінен қолға түссе, жазадан құтылмайды деп сендіреді министрліктегілер.

Әділғожа Құсайынов , ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы:

- Егер тексерісте полиция қызметкерінің пара алу немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасау фактілері анықталатын болса, мұндай қызметкерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаза қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде