{metadescription}
Respublica партиясы: Біздің артымызда олигархтар тұрған жоқ
Respublica партиясы: Біздің артымызда олигархтар тұрған жоқ

Respublica партиясы: Біздің артымызда олигархтар тұрған жоқ

Respublica партиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекітті. Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылғандар саны – төртеу, ал жиырма бес кандидат Мәжіліс мандатынан үмітті. Биыл ғана тіркелген саяси ұйым бүгін алғашқы съезін өткізді.

Съез деген аты болмаса, әдетте біздің көзіміз үйренген ақ көйлек, галстук таққандар жоқ. Мінберге шығып баяндамадан бас алмайтындарды да байқамадық. Мәжіліс мандатынан үмітті су жаңа партия осылайша өз амбициясын аңғартқандай. Республикалықтардың тілімен айтқанда, «жаңа адамдар, жаңа қадамдар».

Саяси ұйымның басында тұрғандар кәсіпкер әрі блогер Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, қысқасы бір-бір кәсіптің тұтқасын ұстап отырған кілең ығайлар мен сығайлар. Партиядағы төрағадан бөлек, 8 тең құқықты төрағасы және бар. Мәжіліске партиялық тізім бойынша 25 кандидат, ал бір мандатты жүйе бойынша 5 адам бақ сынайын деп отыр екен.

Сырымбек Тау, Respublica партиясының тең төрағасы:

- Өз ойым, жалпы Қазақстанда 11 млн халық сайлауға қатысатын жаста. Біздің зерттеуіміз бойынша 6 жарым миллионнан аспаған. Осы 6 жарым миллион халықтың 2025 пайызын алсақ деген үмітіміз бар.

Республика партиясы филиалдарының жоқтығы әуелде Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысуға тұсау болған. Бірақ айналдырған бес күннің ішінде саяси ұйым барлық аймақтан өз өкілдігін ашып үлгеріпті. Тіпті алғашқы съезге соның дәлелі ретінде әр аймақтан филиал басшыларын алдыртқан. Ал партия атынан депутаттыққа үміткерлердің әрқайсысы түрлі салада қордаланған мәселелерді көтеруге дайынбыз деп құлшынып отыр.

Руслан Берденов, Respublica партиясының тең төрағасы:

- Біз ешнәрсе шығарып жатқан жоқпыз. Субстанцияларды сырттан алып келеміз. Соларды осы жерде «қайта буыптүю» дейді. Сондай болып жатыр. Ал нағыз өндіріс болу үшін ғылыми зерттеу орталықтары болу керек.

Республика партиясы тіркелмей жатып небір сынға ілікті. Біреулер «блогерлер партиясы» деп, Мәжіліске отыруға лайық көрмесе, өзгелері «саяси ұйымның артында бай-бағландар тұр» деген. Партия төрағасының оған берер жауабы мынадай:

Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:

- Бүкіл бөлініп жатқан қаржының бәрі осы біздің тең төрағалардың бөліп жатқан ақшасы. Әртүрлі олигархтарды бізге келтіреді. Ешқандай біздің артымызда олигархтар тұрған жоқ. Тек әрқайсымыз жеке кәсіпкерміз. Бізге олигархтар да керек емес, былай қарасаң. Өз  қаржымыз бар. Және одан басқа көзқарасы оң адамдар демеу беріп жатыр.

«Республика» партиясынан бөлек, Мәжіліс сайлауында тағы алты партия бақ сынайды. Бас партия «Аманаттан» өзгесі кандидаттарын ұсынып, съездерін өткізіп, үгіт-насихат жұмысына тас-түйін дайын отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде