{metadescription}
«Байтақ» партиясы 18 кандидатының мәжіліске өтетініне сенімді
«Байтақ» партиясы 18 кандидатының мәжіліске өтетініне сенімді

«Байтақ» партиясы 18 кандидатының мәжіліске өтетініне сенімді

Байтақ» партиясы мәжіліс сайлауына неліктен 18 кандидат ұсынғанын түсіндірді. Төрағалары Азаматхан Әміртайдың айтуынша кей азаматтардың саяси додаға түсу ниеті болғанымен тиісті жарнаны төлей алмапты. Жеті жылдай қоғамдық қозғалыс болдық деген  "жасылдардың" шығынын төрағаның өзі көтеріп келеді екен. Бүгін су жаңа партия төменгі палатадан орынға үміткерлерінің құжатын Орталық сайлау комиссиясына өткізді.

Азаматхан Әміртай, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:

- Партия бүгінде сайлауға дайын. Біз екі миллион дауыс аламыз деп отырмыз. Біздің ең күшті жағымыз – филиалдарымыз мықты. Қоршаған ортаға зиян, зардап бар өңірлерден адамдар, үміткерлер біздің партиялық тізімге кірді.

Байтақтықтар сол 18 кандидатының мәжіліске өтетініне сенімді. Әрі олардың 4 мүшесі өз-өзін ұсынған. Оның арасында төрғасы Азаматхан Әміртай да бар. «Байтақтан» бөлек, түске дейін Орталық сайлау комиссиясына тағы  қос партия құжат өткізген. «Ақжол» және «Жалпыұлттық социал демократтар» да  кандидаттарын тіркеді. ЖСДП 19 азаматты тізіммен ұсынса, тағы алты мүшесі мажоритар жүйемен додаға түседі.

Ал ақжолдықтар төменгі палатадан әлдеқайда көбірек орынға дәмелі. Оны үміткерлерінің саны да айтып тұр. Саяси ұйым 54 мүшесін партиялық тізіммен берген. Және тағы 6 азамат осы партияның атынан депуттаттыққа өз-өзін ұсынған. Орталық сайлау комиссиясына үміткерлер құжатын әлі үш партия өткізген жоқ. Ол: « Ауыл», «Аманат», «Республика». "Ауыл" өткен сенбіде құрылтайын өткізіп, мәжіліс депутаттығына партиялық тізіммен 25 азамат ұсынатынын мәлімдеген.

 Жетінші шақырылымда мәжілісте болған 12 ақжолдықтың 10-ы сегізінші шақырылымның да депутаты атанудан үмітті.

Азат Перуашев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Кез келген саяси партия сайлауға дайын болуы керек. Ол биылғы осы сайлаудың ерекшелігі, біз оны аяқ астынан естіген жоқпыз. Бұл деген енді қарулы күштер сияқты, қарулы күштердің екі ғана жағдайы бар не соғысқа қатысу, не дайындалу. Сол сияқты, саяси партиялардың да дайындығы келесі сайлауға осы сайлау біткеннен кейін келесі күні басталуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде