{metadescription}
«Аманаттың» мәжіліске тізімі қалың көпшілікті таңғалдырды
«Аманаттың» мәжіліске тізімі қалың көпшілікті таңғалдырды

«Аманаттың» мәжіліске тізімі қалың көпшілікті таңғалдырды

Партияның 109 мүшесі мәжіліс депутаттығынан үмітті. «Аманат» партиясы кезектен тыс жиырма бесінші құрылтайын өткізді. Алдағы сайлауда төменгі палатаға кімдерді ұсынатынын саралап, сайлауалды бағдарламасын бірауыздан бекітті. Үміткерлердің есімі қалың көпшілікті біраз таңғалдырды.

Саяси ұйымның кандидаттары кім? Аманаттықтар бұл жолы қандай мақсат қойып отыр?

«Аманат» сайлауға қатысатын 7 саяси ұйымның ішінде құрылтайын соңғы болып өткізді. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші, партияның мәжіліске тізімінде жаңалық көп. Жаңарған құрамда экс-депутат пен министр де, ақын да, саясаттанушы да, біз тілді тілшілер де бар.

Жиырма бесінші съезге 2000-нан астам адам қатысты. Саяси ұйым алдағы мәжіліс сайлауына 90 мүшесін ұсынып отыр. Және тағы 29-ы мажоритарлық жүйемен бағын сынап көрмек. Сонымен жалпы алғанда жүзден асып жығылады. Бірақ тізімге ену өз алдына, елдің сеніміне ие болу бөлек әңгіме. 

Ерлан Қошанов, Amanat  партиясының төрағасы:

- Жүз он тоғыздың оның 29-ы бір мандаттыққа түсініп отырсыздар. Ал тоқсаны тоқсан кандидат партиялық тізіммен кіріп отыр. Соның ішіндегі 66 мандат болады. Соның ішінде енді қаншасын аламыз, оны сайлаушылар өзі шешеді.

Мәжілістен бөлек, жергілікті мәслихат сайлауына «Аманаттың» атынан 3821 азамат қатысады екен. Саяси ұйымның өңірлердегі үміткерлерінің қатары 75 пайызға жаңарыпты. Жиырма бір жасында мәслихат депутаты болған бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов енді парламентке үміттілердің тізімінде. Ел сенім артса, халықтың талап-тілегін төменгі палатадан айтуға әзірмін дейді ол.

Асхат Аймағамбетов, Amanat  партиясының мүшесі:

- Жалғыз депутат үлкен жүйелі мәселелерді шеше алмайды. Жалғыздың шаңы шықпайды дейді ғой. Екінші мәселе, елімізде үлкен саяси трансформация болмаса, онда бұл бастамалар бекер. Үлкен жүйелі мәселелер шешілмейді. Енді қазіргі уақытта осындай үлкен мәселелер елімізде орын алуда. Міне, осы өзгерістердің заңды жалғасы ретінде қазіргі болайын деп жатқан сайлауды көремін.

Айтпақшы, жетінші шақырылымда мәжілісте болған Айдос Сарым, Ерлан Сайыров, Еділ Жаңбыршин сынды азаматтар бұл жолы да  депутат болуға ниетті екен. Бұдан бөлек, жаңарған тізімде Дәулет Тұрлыханов, Есен Елеукен, Мақсат Толықбай есімдері де бар. Арқалы ақын Ринат Зайытовқа бұл қатардан орын табылыпты.

Ринат Зайытов, айтыскер, Amanat партиясының мүшесі:

- Мен барымша осы елге қызмет ету үшін заң жаттаймын, қажет болатын болса, партия құрамын деген ой ғой енді. Соның іске асуына қаншама уақыт өтіп келе жатыр. Ең бірінші, төзім керек, бүкіл елдің, жұрттың сөзін көтеру үшін. Сосын қажырқайрат керек, осыны дәлелдеу үшін, іспен.

Сонымен жаңарған Amanat тізімін түгендеп, алдағы сайлауға дайындықты бастап кетті. Сайлауалды бағдарламасының толық нұсқасын  үгіт-насихат уақыты басталғанда жария етеміз дейді. Еңбек адамының мәртебесін көтеру, ауылдың ахуалын жақсарту, заңсыз бәз біреулердің қалтасына кеткен қаражатты қайтару сынды өзекті бағытта жұмыстарын жалғастыра бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.