«Ауыл» партиясы мәжіліске үміткерлерін ресми түрде бекітті
Тағы бір партияның кандидаттары Орталық сайлау комиссиясына құжат өткізді. Шаруалардың күйін күйттеп, ауыл ахуалын көтереміз деп ұрандататын «ауылдықтар» осылайша мәжіліске үміткерлерін ресми түрде бекітті.
Автор: Елдос Есенбол
07.02.2023
Саяси ұйым өткен аптада кезектен тыс құрылтайын өткізіп, кандидаттар тізімін бекіткен. Партия атынан төменгі палатаға ниеттілердің жалпы
саны – 34. Оның тоғызы өзін-өзі ұсынғандар. Партиялық тізімді былтырғы президент сайлауындағы кандидат Жигули Дайрабаев бастап тұр. Тіпті саяси ұйым Дайрабаевтың сол кездегі тікелей бәсекелесі болған Қарақат Әбденді де қатарына қосып алған. Бұдан бөлек, «Ауылдың» тағы алты жүздей мүшесі өңірлердегі мәслихат сайлауына қатысады.
Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
- Жалпы тізімге енген 25 адам. 25 адам туралы ақпарат берсек, ішінде 6 әйел, инкюзив қоғамның бір өкілі, 3 жас адам енгізілген. Бұл заң бойынша қолданылатын квотаға сәйкес 36 пайыз, егер есептеп алатын болсақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!