{metadescription}
Түркияға елімізден тағы 60 адам аттанды – көмек жайлы егжей-тегжей
Түркияға елімізден тағы 60 адам аттанды – көмек жайлы егжей-тегжей

Түркияға елімізден тағы 60 адам аттанды – көмек жайлы егжей-тегжей

Алапат зілзаладан зардап шеккен Түркияға бүгін елімізден тағы 60 адам аттанды. Құрамында құтқарушылар, апат медицинасы орталығының дәрігерлері мен кинологтары бар. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Түркияға арнайы құтқару техникасы жіберілмеген.

Өйткені оның опырылған жолдар мен қирандылар арасынан өтуі қиын. Қажет болса Қазақстан жағы құтқарушылар мен дәрігерлердің тағы бір легін жіберуге дайын. Сонымен қатар бауырлас елге көмек ретінде 1 миллион доллар қаражат берілетін болды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия Республикасына бір миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұдан бөлек, бауырлас елге құтқарушылар мен дәрігерлердің екінші легі аттанды. Астанадан Газиантеп қаласына ұшқандар өзімен бірге 150-ге жуық апаттан  құтқару құралдары мен дәрі-дәрмектің 160-тан аса түрін ала кетті. Олар сол жердегі іздестіру-құтқару жұмысына көмектеседі.

Ал кеше кеткен 40 адам түрік еліне табаны тие сала қарбаласқа араласты. Олар өткен тәулікте қираған көпқабатты ғимарттың үйіндісінен үш әйелдің денесін алып шыққан. Келесі бір үйіндіден бір дене табылса, екінші адамды тірідей алып шықты.

Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:

- Құлаған үйлердің бәрін қарап, арасында қалып қойған адам бар ма,  мәйіт болса да, оны тауып алып шығу – міндетіміз. Бір тобымыз 30 адам 0 бір нысанда, екінші тобымыз, 10 адам екінші нысанда түрік құтқарушыларымен бірге қосылып жұмыс істеп жатыр. Мына жерде бүкіл күш құралы бар. Келген еріктілер бүкіл тамақ жағын да ұйымдастырып жатыр.

Түркияның оңтүстік-шығысында, Аданадан Диярбақырға дейін 10 қаланы шарпыған алапат зілзала кемі 14 миллионға жуық адамға кесапатын тигізді. 7 мыңнан аса адам қаза тапқан. Жермен-жексен болған 5800-ге тарта ғимарат үйінді астынан адам денесі әлі табылып жатыр. Құтқарушылар аса күрделі әрі қауырт жұмыста. Өйткені құлаған ғимараттың бір қабатын аршып алуға  кемі сегіз сағат кетеді екен. Тірі табылған әр адамға балаша қуанады.

Түркияға 70 мемлекет көмек ұсынған. Қазір олар бірінен соң бірі ағылып жатыр. Алғашқылардың қатарында Қазақстанмен қатар Ресей, Қытай, Еуроодақ елдері, Израил, Мексика және АҚШ бар.

Энтони Марроне, Лос-Анджелес қаласы өртке қарсы қызметінің басшысы:

Менің адамдарым – білікті дәрігерлер мен құтқарушылар. Олар үйінді астынан тоннель жасап, астынан ауыр заттарды, зардап шеккен адамдарды алып шығуға машықтанған. Сонымен қатар біздің құрамда үйінді астында қалғандарды тауып, құтқарушыларға хабар беруге жаттықтан иттер бар.

Алапат зілзала ошағанда қалған Сирияның солтүстігінде де жантүршігетін жағдай. Он жылдан асқан азамат соғысынан зәрезап болған ел үшін зілзала жығылғанға жұдырық болды. Түркиямен салыстырғанда мұндағылардың жедел құтқару шарасына шамасы да жоқ. Ресми мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 3 мың адамға жуықтаған. Сирияға алғашқы болып гуманитарлық көмек пен құтқарушылар күшін Ресей жіберді. АҚШ көмек көрсетуге дайын. Алайда Сирия үкіметімен ресми қарым-қатынас жасамаймыз деп отыр. Өз көмегін Израиль де ұсынған. Бірақ олармен де жарты ғасырға ұласқан қырғиқабақ жағдайдағы Сирия мемлекеті көмектен үзілді-кесілді бас тартты. Дегенмен бүгіннің өзінде екі мемлекетке қарасты жерде тағы төрт рет жер сілкінген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде