{metadescription}
Апат айтып келмейді – сейсмологтардың кеңесі
Апат айтып келмейді – сейсмологтардың кеңесі

Апат айтып келмейді – сейсмологтардың кеңесі

Алматыда биыл жойқын жер сілкінісі болмайды. Тектоникалы қозғалыстарды бақылып отырған отандық сейсмологтар осылай болжам жасап отыр. Бірақ апат айтып келмейтіндіктен, әрі еліміздің оңтүстігі мен шығысы сейсмика қаупі бар аймақ болғандықтан сақ жүрген дұрыс дейді. Мамандар қандай кеңес береді?

Түркия мен Сириядағы зілзаладан кейін алматылықтар қорқып қалған сыңайлы. Бірақ тоқсан сайын өткізілетін сейсможаттығулардың арқасында басым бөлігі апат кезінде не істеу керектігін аз-маз болсын біледі.

- Дабыл қойылған кезде бірден қашып щығу керек. Себебі, өмірге өте қауіпті. Далаға шығып тұру керек. Өйткені үйлер, ғимараттар үстіңе құлауы мүмкін.

- Үстелдің астына тығылу керек деп айтады. Бірақ, жер сілкінісі болғанда тезтез үйден шығып үлгеру керек.

Расында да бұл апат кезіндегі алғашқы қадам. Алайда мамандар жер сілкінісін күтпей, қазірден бастап қажет заттарды бір сөмкеге салып қойған дұрыс деп отыр.  Жер сілкінісі болсын-болмасын, күтілсін-күтілмесін, төтеншеліктер халықтың кез келген уақытта дайын жүргені абзал дейді. Яғни  қазірден бастап дабыл сөмкесін әзірлеген жөн. Өйткені үйіндінің астында қалғанда бұл заттар сіздің өміріңізді құтқарып қалады. Сөмкенің ішінде шамамен үш күнге жететін азық-түлік пен сусын, қолшам, дәрі-дәрмек және жылы киім сақадай сай тұруы керек. Сөмкеде ысқырғыш та міндетті түрде болуы қажет. Егер жер сілкінісінде далаға шығып үлгере алмай, үйіндінің астында қалсаңыз, тірі екеніңізді осы құралмен білдіресіз.

Бекболат Бұғабаев, Алматы қаласы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

- Ғимарат қирап, астында аман қалып қалсаңыз, шыңғырып, жылап, ішкі күшіңізді жоғалтпауға тырсыңыз. Барынша екіүш күн шыдау керек. Үмітіңізді үзбеңіз. Барынша күту керек. Құтқарушылар келеді, құтқарады.

Алматыда соңғы рет жойқын жер сілкінісі 1887 және 1911 жылы болған. Жалпы бұл өңір сейсмикалы қауіпті аймаққа жатады. Дегенмен биыл Алматыда 7 балдан жоғары күшті жер сілкінісі болмайды деген сейсмологтар дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ деп отыр.

Нұрсәрсен Өзбеков, ҚР ТЖМ сейсмология институтының ғылым жөніндегі директорының орынбасары:

- Басқа елде болып жатқан жер сілкінісі бізде әсер беретін ықтималдылы өте төмен. Институт сейсмологтары жасаған жер сілкінісінің орта мерзімді байламы бойынша Алматы өңірінде күшті жер сілкінісі күтілмейді. Бұл байлам жылдың ортасында тағы нақтыланып, қосымша хабарланады. Сондықтан Алматы өңірінің, Алматы қаласының тұрғындарына алаңдауға, абыржуға, үрейге салынуға негіз жоқ.

Бірақ бұл тек орта мерзімді болжам. Жер сілкінісінің нақты қашан және қалай болатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Сондықтан қазірден бастап құрал-сайманымызды сақадай-сай дайындап, әрі сақ жүруге тиіспіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.